6B11121 Театр қойылымдарының технологиясы және продюсерлеу

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В11121 - Театр қойылымдарының технологиясы және продюсерлеу

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В11 Қызмет көрсету

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В111 - Қызмет көрсету саласы

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В 092 Тынығу                                    

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Мәдениет мекемелері үшін театр қойылымдарының технологиялары мен продюсерлеу саласына жоғары білікті  креативті мамандар даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

Қызмет көрсету бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

Мәдениет пен өнер саласы

Оқыту нәтижелері

ОН 1 Кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде академиялық жазу мен адалдықтың қағидаттары мен дәстүрлерін  ескере  отырып, еркін қарым-қатынас жасау;

ОН 2 Дүниетанымдық азаматтық, рухани, әлеуметтік жауапкершілік пен әдептілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету;

ОН3 Ақпараттық және есептеу сауаттылығына,  ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілетіне ие болуы;

ОН4 Әртүрлі өнер түрлерінің шығармашылық мамандарынан өндірістік ұжымды дайындау, шығармашылық ұжымдардың жұмысын жоспарлау және үйлестіру, шығармашылыққа қолайлы психологиялық жағдайды қамтамасыз ету;

ОН5 Продюсерлік жобаны жасау және оның кезеңдерін іске асыра білу, көркемөнерпаздар бірлестіктерінің, театр студияларының, көркем-бұқаралық шаралар жұмысын ұйымдастыра білу;

ОН6 Маркетинг (нарықты талдау, жарнама, қоғаммен байланыс) және менеджмент (персоналды басқару, ынтымақтастық психологиясы, дипломатия, міндеттерді бөлу және беру ) негіздерін, келісімшарттық қатынастардың құқықтық негіздерін, тараптардың жауапкершілігін білу;

ОН7 Шығармашылық ұжымдармен тиімді жұмыс жасау, спектакльді заманауи техника мен технологияларды, спектакльді безендірудің мәнерлі құралдарын, сахналық қозғалыстың сахналық жұмысының принциптерін, театрландырылған қойылымдардағы ырғақты пайдалана отырып, қойылым қою жұмыстарының шығармашылық бағытын білу.

ОН8 Бекітілген ғылыми-зерттеу бағдарламасына сәйкес мәдениет және өнер саласындағы ұйымдардың қызметін ғылыми басқару және жоспарлау әдістеріне ие болу, сондай-ақ мәдени-демалыс мекемелеріндегі шығармашылық-өндірістік процесті ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыруға дайын болу;

ОН9 Театр қойылымында кәсіби көркемдік дағдылар кешенін (пластикалық, сөйлеу, вокал) қолдана білу және театрландырылған қойылымды қою аясында әртүрлі иллюстрациялық (графика, анимация, бейне) және дыбыстық элементтерді үйлестіре білу;

ОН10 Сценарий, пьеса және рөлдердің оқиғалық-әрекеттік құрылымын талдай білу, шығарманың көркемдік түпкі-ойын және әртүрлі жанрдағы әдеби шығармаларды сахналау мен актерлық талдаудың негізгі тәсілдерін меңгеру,

ОН11 Жаңа ойын-сауық іс-шаралары, репетицияларды, өндірістік ұжымның жұмысын ұйымдастыру, мәдениет және демалыс саласында шығармашылық қызметті жүзеге асыру, театрландырылған қойылымдарды қою процесінде шығармашылық ұжымның жұмысын бағыттау.

ОН12 Шешендік, іскерлік және кәсіпкерлік дағдыларын және жеке тұлғаның ішкі және сыртқы бейнесін қалыптастыру дағдыларын қолдану, сахналық бейнені, сахналық кеңістікті құру дағдыларын меңгеру.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.