6B07124 Электротехникалық машинажасау және энергетикалық жүйелер инжинирингі

БББ ПАСПОРТЫ

 

БББ атауы

6В07124 Электротехникалық машинажасау және энергетикалық жүйелер инжинирингі

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В07 Инженерлік, өндірістік және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В071 Инженерия және инженерлік ісі

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В064 Механика және металл өңдеу

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Электротехникалық және энергетикалық машиналарды өндіру мен оларға қызмет көрсетуді жобалаудың практикалық дағдылары бар, энергия машинажасау саласындағы ең жаңа озық технологиялар мен жетістіктердің нәтижелерін қолдануға қабілетті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

Берілетін дәреженің атауы

«техника және технологиялар» бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

Машинажасау кәсіби қызмет саласы болып энергетикалық машинажасаудың бәсекелістікке қабілетті бұйымдарды шығаратын мемлекеттік пен мемлекеттік емес кәсіпорындарын, сонымен қатар жеке компаняларының оқу, ғылыми және өндірістік процесстерін табылады.

Оқыту нәтижелері

ОН1. Академиялық жазу және академиялық адалдық мәдениеті қағидаттарын ескере отырып, кәсіби ортада және социумда тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастағы мәселелерді шешуде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сұхбаттаса алу.

ОН2. Кәсіби қызметте жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік- экономикалық және инженерлік білімдерді, деректерді математикалық өңдеудің тәсілдерін, теориялық және тәжірибелік зерттеулердің әдістерін, нормативтік құжаттардан және экономикалық талдаудың элементтерінен хабардарлығын көрсету алу;

ОН3. Ақпараттық-коммуникациялық, цифрлық технологиялар және эксперименттік деректерді өңдеуді жалпылау, талдау және ақпаратты қабылдау дағдыларын игеру;

ОН4. Электртехникалық және энергетикалық жабдықтарды жобалау және өндірудің технологиялық процестерін жүзеге асыра алу, қолданыстағы энергетикалық қондырғыларды модернизациялауды және жаңа түрлерін жобалауды орындай алу, әр түрлі типті энергия қондырғыларын техникалық басқаруды қамтамасыз ете алу;

ОН5. Машинажасауда жаңа технологиялар мен конструкциялық материалдарды пайдалану ортасын ұлғайту, жаңа бұйымдарды өндіріске енгізу мерзімдерін азайту, жаңа технологиялық процестерді және жаңа энергетикалық жабдықтар туралы ақпаратты өз қызметінде қолдана алу;

ОН6. Энергетикалық машиналар мен қондырғылардың элементтерін конструкциялық материалдарының қасиеттерін, динамикалық және жылу жүктемелерін ескеріп есептеу;

ОН7. Энергетикалық жабдықтар мен жүйелерді модельдеу, конструкциялау, жобалау, пайдалану және қызмет көрсету;

ОН8. Технологиялық процестерге техникалық қызмет көрсету, сынақ жүргізу және ұйымдастыру әдістемесін пайдалану негізінде монтаждау-баптау және сервистік-пайдалану жұмыстарының схемалары мен тәсілдерін жобалау;

ОН9. Электротехникалық және энергетикалық машинажасау объектілерін құруда нақты конструкторлық шешімдерді қабылдау және негіздеу, техникалық құжаттамаларды КҚБЖ талаптарына сай етіп дайындау;

ОН10. Сандық тәжірибелік зерттеулерді жоспарлау және орындау, нәтижелерді өңдеуді және талдауды жүргізу, энергетикалық машинажасау объектілерін сынау жұмыстарына қатысу;

ОН11. Ғылымды қажет ететін энергетикалық машина жасау негізінде электротехникалық өнімнің инновациялық түрлерін жобалау;

ОН12. Өзін-өзі қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеу, өмір бойы салауатты өмір салтын, командада жұмыс істеу, қызметтің нәтижелілігін ресімдеу дағдыларын көрсету.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.