6B07513 Метрология

БББ ПАСПОРТЫ

 

БББ атауы

6В07513 Метрология

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В076 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)

Оқыту тілі

орыс, қазақ, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Метрология саласындағы нормативтік құжаттардың, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің талаптарын және жағдайын білу негізінде түрлі өнеркәсіп салалары үшін метрологияның ғылыми, қолданбалы және ұйымдастырушылық негіздерін өз бетінше таңдай және қолдана алатын, өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету және сынау мен өлшеудің заманау жағдайын талдай және бағалай алатын мамандарды даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

«Техника және технология бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

- метрологиялық стандарттарды енгізу және бақылау;

- өндіруші мен тұтынушы үшін жоғары экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету жүйесі объектілерінің сапасы мен қауіпсіздігіне бағытталған өнімдерді (қызметтерді) өндіруге қолдану;

- аккредиттеу аймағына сәйкес калибрлеу немесе калибрлеу зертханасы қызметі аясында кәсіби қызметтер ұсыну;

- ӨОӘ әзірлеу және метрологиялық сертификаттау;

- метрология саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеу және метрологиялық сараптау.

Оқыту нәтижелері

ОН 1 Кәсіби ортада және қауымда қазақша, орысша және ағылшын тілінде еркін қатынас жасай білу және академиялық адалдық мәдениеті мен қағидаттарын, академиялық хаттарды және ғылыми зеттеу әдістерін қолдану.

ОН 2 Кәсіби қызметінде жаратылыстану, ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, инженерлік және экологиялық білімді көрсете білу.

ОН 3 Математикалық моделдеу әдістерін қолдану мен өлшеу құралдарын жобалау да мақсатты қою және оның жетістікке жету жолдарында өлшеу ақпартаттарын түсіну және талдау, ақпараттық және есептеуіш сауаттылыққа ие болу, қорытынды жасай алу.

ОН 4 Өлшем бірлікті қамтамасыз ету туралы заңнамаларға, приборжасаудың заманауи жетістігіне, ӨҚ өндірушілер нарығына, жұмысшы және эталондық ӨҚ қажеттілігіне, метрология бойынша актуализацияланған нормативтік құжаттарға сәйкес өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету саласында жұмыстарды жоспарлау.

ОН 5 ӨҚ тексеру/калибрлеу, автоматтандыру құралдары мен приборларын жетілдіру және метрологиялық қамтамасыз ету, орнатылған дәлдік нормасында технологиялық процестердің барысын және сәйкестігіне тәжірибені арнайы өлшеу бойынша жұмыстарды орындауға қабілетті болу. 

ОН 6 Жана өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуде пайдалануға жарамсыз ӨҚ және жабдықтарын шығарып тастау жоспарын, есебін дайындауда қажет етілетін ӨҚ және жабдықтардың күйіне, монтаждау және пайдалануға, алынған мәліметтерді өңдеуге,  тұрақты мониторинг жүргізе алу. 

ОН 7 Машинажасау және басқада аралас салаларда метрологиялық бақылау және ӨҚ, ӨОӘ, СҮ, жұмысшы эталондарды есепке алуда қолданылатын нормативтік-құқықтық құжаттарды жіктеуге және сұрыптауға, бақыланатын параметрлердің шын мәнін дәл өлшеуге, техникалық оқуға дағдысы болу керек.

ОН 8 Өндірістегі ӨҚ күйіне байланысты, ӨҚ дәлдігінің ауытқуы, технологиялық режимнің бұзылуынан болатын энергияның, материалдың, шикізаттың шығыны  себептеріне талдау жасай білу.  

ОН 9 ӨҚ үшін метрологиялық және техникалық бақылау жүргізу, ӨҚ тексеру/калибрлеу бойынша эталондық тексеру базасы жаңарту, СЖ аттестаттау, ҚР МӨЖ Реестрімен, ТМД елдерінің, КО/ЭвроЭО техникалық реттеу және метрология саласындағы веб-сервистерімен жұмыс жасай алу.

ОН 10 Кәсіпорынның метрологиялық қызметінің ішкі құжаттарын әзірлеуде, ӨҚ мен жабдықтарды таңдауда, өнімнің техникалық деңгейіне квалиметриялық бағалау жүргізгенде ҚР МӨЖ заңнамалық-нормативтік құжаттарының жағдайларын қолдана білу. 

ОН 11 Сәйкестікті растау жүйесінің объектілерінің сапа көрсеткіштерін және қауіпсіздігін сертификаттауда/декларациялауда зерттеушілік және кәсіпкерлік дағдысын пайдалану.

ОН 12 Жеке және команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, салауатты өмір салтын жүргізумен және өзіндік білімімен дағдысын көрсете отырып және әртүрлі әдістерді қолданумен өзінің көзқарасын орынды қорғай алу.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.