«Оңтүстік Қазақстан ғылым Жаршысы – Вестник науки Южного Казахстана» ғылыми журналы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«Оңтүстік Қазақстан ғылым Жаршысы – Вестник науки Южного Казахстана» ғылыми журналы

Журналдың мақсаты – М.Әуезов атындағы ОҚМУ қызметкерлерінің жаңа зерттеулері мен жаңа жобаларын, идеяларын және ғылым мен техника бойынша мәселелік сұрақтарын көпшілік қауым мамандарына жеткізу.
Журналда ғалымдар, оқытушылар, магистранттар, докторанттар және өндіріс өкілдерінің ғылыми-практикалық немесе артықшылық сипаттағы ғылыми зерттеулерінің жетістіктері мен нәтижелері жарияланады. Онда ғылыми мақаланың төменде көрсетілген тақырыптық бағыттарға қолданбалы және іргелі зерттеудің өзекті мәселелері бойынша аналитикалық, шолулық, талқылаулар мен мәселелер бойынша ғылыми мақалалар жарияланады.
• техникалық ғылымдар;
• информатика, ІТ – технологиясы;
• педагогикалық және гуманитарлық ғылымдар;
• жаратылыстану ғылымдары, тіршілік туралы ғылым;
• жер туралы ғылымдар, агроөнеркәсіп кешені;
• экономикалық ғылымдар;
• заң ғылымдары.
Журнал ғылыми қызметкерлердің барлық тобына, жоғары және орта оқу орындары мен мектеп оқытушыларына, өндіріс өкілдеріне, мамандар мен магистранттар, РhD докторанттар, инвестициялық және коммерциялық құрылымдарға арналған.
Журналда мақаланың жариялану мүмкіндігі туралы шешім М. Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми кеңесі бекіткен эксперттердің ( эксперттер шешімі) шешімі негізінде ұсынылады.
•Жариялау тілі – қазақша, орысша және ағылшынша;
•Шығару мерзімі- жылына 4 нөмір.

Баяндаманы дайындауға қойылатын талаптар:

1.Баяндама мәтіні Microsoft Word редакторының мәтініндеTimes New Roman қарпімен терілуі қажет, қаріп өлшемі – 11, жоларалық қашықтық – 1, жаңа жол бойынша шегініс – 1,25 см,
2.Беттің параметрі: А4 форматында, беттің жақтауы – 2 см, сол жағы – 2 см, оң жағы – 2 см, жоғарғы жағы - 2 см, төменгі жағы – 2 см.
3.Баяндаманың жалпы көлемі, таблица, суреттер мен әдебиеттер тізімін қосқанда – 5 беттен аспауы керек.
4.Баяндама тақырыбы қысқаша және мазмұнымен сәйкес болуы керек.
5.Қазақ тіліндегі баяндама үшін резюме және summary, орыс тіліндегі баяндама үшін түйін және summary, ағылшын тіліндегі баяндама үшін түйін және резюме міндетті түрде.
6.«Оңтүстік Қазақстан ғылым Жаршысы – Вестник науки Южного Казахстана»   ғылыми журналының редакциясы баяндама мәтінінің  көлемін өз бетінше қысқартуға құқылы.
7.Баяндамада міндетті түрде автор туралы мәлімет көрсетіледі: А.Ж.Т., ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, поштаның толық мекен жайы, телефон нөмірі(үй, жұмыс, ұялы сымтетік), факс, e-mail адресі.
8.Баяндама төлем ақысы – 4000 тенгені құрайды.

Мақала төмендегідей тәртіппен орналасады

1.Сол жақ шетіне - ӘОЖ (Әмбебап ондық жіктеу)көрсетіледі,
2.Автордың (лар) А.Ж.Т.,
3.Қызметі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, мекеме атауы, қала.
4.Баяндама тақырыбы. (баяндама тілі бойынша).
5.Баяндама аңдатпасы (баяндама тілі бойынша).
6.Кілттік сөздер (10- сөзге дейін).
7.Баяндама мәтіні, Әдебиеттер тізімі.
8.Түйін (түйіннің көлемі 5-7 сөйлемнен аспауы керек). Жарияланатын баяндама қазақ тілінде болса - орыс және ағылшын тілінде, баяндама орын тілінде болса – қазақ және ағылшын тілінде, баяндама ағылшын тілінда болса – қазақ және орыс тілдерінде болады.
9.Автор (лар) туралы мәлімет: аты- жөні тегі, ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі; қызметі немесе мамандығы; жұмыс орны (мекеменің немесе оқу орнының атауы); телефон нөмірі (үй, жұмыс, ұялы сымтетік), факс, e-mail адресі.

ҮЛГІСІ

ӘОЖ 541.18 (шрифт өлшемі – 11 пт)

 

Г.А.Аскарова (11 пт.)

Ф.ғ.к., доцент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент (11 пт.)

 

ӘЛЬ-ФАРАБИДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ (11 пт)

 

Аңдатпа /Аннотация

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Кілттік сөздер: /Ключевые слова (10-сөзге дейін)

 

Баяндаманың негізгі мәтіні (11 пт)

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Әдебиеттер (11 пт)

1.

2.

 

резюме (10 пт.)

 

 

Summary (10 пт.)

 

«Оңтүстік Қазақстан ғылым Жаршысы – Вестник науки Южного Казахстана»   ғылыми журналының редакторы Назарбек Ұлжалғас Бақытқызы – М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылыми-зерттеу басқармасының директоры, техникалық редакторы Усебаева Гульнара Лесовна – Техникалық ғылымдар бөлімінің бас маманы.

Мекен жайы: Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, №16 ғимарат, 1 қабат, 109 каб.

Телефон: +7 (7252) 21-06-48,   Факс: +7 (7252) 21-19-89 E-mail: srd-sksu@ mail.ru

 «Оңтүстік Қазақстан ғылым Жаршысы – Вестник науки Южного Казахстана»   ғылыми журналының банк деректемелері:

Ұйымдастыру жарнасы міндетті түрде материалдық жауапты Қынатова Асия Амзеқызының есеп шотына аударылады.

ИИН:590217402425

уд. личности № 035091873 от. 01.08.2013 МВД РК

ЮКФ АО «Цеснабанк» № 4132630001896106

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.