Ғылыми кеңес

     М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғылыми кеңесі


Ғалым хатшы: PhD

Конарбаева Зулфия Кемелхановна 

Телефон:+7 (7252) 21-19-87

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Ғылыми Кеңесі сайланбалы өкілетті орган ретінде университетте жалпы басшылық атқарып, жоғары оқу орнын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.

Ғылыми Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Жарғысын, сондай-ақ , жоғары оқу орны Ғылыми Кеңесі қызметінің типтік ережелерін (ҚР Білім және ғылым министрінің 22.11.07 жылғы № 574 бұйрығы) басшылыққа алады.

Ғылыми Кеңестің отырыстары тиісті оқу жылында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес айына кемінде бір рет өткізіледі.

Ғылыми Кеңес қызметінің мақсаттары: университетті дамытудың басымдықтары мен принциптерін жасау, бітірушілерді сапалы дайындау үшін заңнамалық құрылым әзірлеу, материалды ресурстар мен жұмыскерлердің біліктілігін, ұжымның нәтижелі қызметін сақтау және ұлғайту.

Ғылыми Кеңестің құзіретіне:

  • университет құрылымын бекіту;
  • университет Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  • университеттің оқу және ғылыми бөлімшелерін (зертханалар, кафедралар, факультеттер (институттар) және т.б.) құру, қайта ұйымдастыру және тарату;
  • университеттің даму тұжырымдамасын анықтау;
  • университеттің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметінің барлық негізгі мәселелері бойынша шешім қабылдау;
  • оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, шаруашылық, ақпараттық және халықаралық қызмет атқарудың барлық нысандары мен әдістері туралы жыл сайын ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлімше басшыларының есебін тыңдау;
  • оқулықтарды, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік нұсқауларды қарастыру және баспаға ұсыну;
  • студенттерді ақылы бөлімнен білім грантына және экстернат нысанында білім алуға ауыстыру туралы шешім қабылдау;
  • диссертациялық зерттеулер бойынша магистранттар мен PhD докторанттардың тақырыбы және ғылыми жетекшілері – кеңесшілерін бекіту;
  • жоғары оқу орнының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыру;
  • университеттің бюджеттен тыс қаржыны пайдалану, сондай-ақ ақылы білім беру қызметін көрсету және өндірілуші өнімді сату арқылы алынатын табыстарын қайта инвестициялау бағыттарын анықтау;
  • ғылыми және құрметті атақтарды, атаулы шәкіртақылар мен сыйақыларды бекіту мен беру;
  • университет қызметкерлерін, шығармашылық ұжымдарды үкімет наградалары мен құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселені қарастыру;
  • алқалы шешімді қажет ететін университеттің ағымдағы қызметінің өзге де мәселелерін қарастыру кіреді


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.