7М07310 «Сәулет» Білім беру бағдарламасы бойынша "Сәулет" кафедрасында 1-2 курс магистранттарына практика өткізіледі.
- Бірінші курс магистранттарына педагогикалық практика, сонымен қатар, ғылыми іс-тәжирибесі өткізіледі. Бұл іс-шара барысында магистранттарға кафедрадағы ғылым кандидаттары, PhD дәрежелі оқытушылар дәріс өтеді. Сонымен қатар, "Сәулет" кафедрасы шетелдік жоғарғы оқу орындарымен, атап айтқанда, Путра Малайзия, Теессайд институты,Мәскеу сәулет институты, т.б. жоғарғы оқу орындарымен ғылыми ынтымақтастық туралы келісім құрған. Осы тұста, магистранттар үшін шетелден арнайы шақырылған ғалымдардан консультациялық кеңес алуға мүмкіндік бар.
- Екінші курс магистранттарына зерттеу практикасы өткізіледі. Онда магистранттар кафедрада диссертациялық жұмысты орындау, сонымен қатар ғылыми ізденістер жасау бойынша (ғылыми мақала жазу, презентация дайындау т.б.) білікті мамандардан консультациялық кеңестер алады. Осы таңда, кафедрадағы практикалық жұмыстардың нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көріп жатыр.
"Сәулет" кафедрасы бірқатар озық сәулет-құрылыс мекемелерімен келісім шарт жасасқан, мәселен:
-
«Модерн-проект» ЖШС, Шымкент қаласы.
-
«Купол» ЖШС, Шымкент қаласы.
-
«Атриум-АС» ЖШС, Шымкент қаласы.
-
«Таң-1» ЖШС, Шымкент қаласы.
-
«Сани» ЖШС, Шымкент қаласы.
-
және т.б.
Төменде кейбір мекемелермен келісім шарт тіркелген.