6B04150 Мемлекеттік және жергілікті басқару

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының доценті Қыдырова Жамила Шафхатқызы, 06.04.1972 ж.т., Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының 24.12.2021 жылғы 21-32-3.21 хаттамасына сәйкес марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы Ресей Федерациясында «Білім және ғылымдағы менеджмент» (Жоғары білім берудегі стратегиялық менеджмент және көшбасшылық. Университет менеджменті) мамандығы бойынша тағылымдамадан өту бағдарламасы бойынша оқуға арналған.
Қыдырова Жамиля Шафхатқызы Ресей Федерациясы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өтті.
Оқу мерзімі: 01.03.2022 бастап 31.05.2022 дейін.

Джиу-джитсудан Азия Чемпионатының қола жүлдегері Бахрейн Манама қаласы.
Әлем Кубогының екі дүркін күміс жүлдегері Ресей Федерациясы Есентуки қаласы.
Аралас жауынгерлік жекпе-жектен ҚР чемпионатының күміс жүлдегері Көкшетау қаласы.
Джиу-джитсудан ҚР спорт шебері
Бокстан спорт шеберлігіне үміткер.
Аралас жауынгерлік жекпе-жектен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Жақында өткен Аралас жауынгерлік жекпе-жектен Азия Чемпионатының күміс жүлдегері Тайланд Паттайя қаласы.



Төлебай Бекзат Октябрьұлы (туған күні: 07.12.1996) – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының түлегі (2014–2018 жж.), қазіргі уақытта «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Шымкент қалалық филиалының төрағасы.
Бекзат өз кәсіби жолын жастар саласынан бастап, әр жылдары өз қызметінде тиімді нәтижелерге қол жеткізді:
• 2017–2018 жж. – Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ Жастар орталығының «Студенттік ректор» бағдарламасының жартылай білікті маманы;
• 2018–2019 жж. – Түркістан облысы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының маманы;
• 2019–2020 жж. – Silkway Халықаралық университетінің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы;
• 2020–2021 жж. – Silkway Халықаралық университетінің Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры;
• 2021 ж. – Мирас университетінің Әкімшілік-шаруашылық қызмет жөніндегі проректоры;
• 2022–2023 жж. – Шымкент қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» Қаратау ауданы бойынша бөлім басшысы;
• 2023–2024 жж. – «Алтын Орда» ҚҚҚ атқарушы директоры;
• 2024 ж. – «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы.
Бекзат Бекзаттың еңбегі бірнеше мәрте мемлекеттік деңгейде бағаланды:
• ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хаты (2024 ж.);
• Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың Алғыс хаттары (2020, 2021, 2022 жж.).
Бекзаттың тәжірибесі жастар саясаты мен қоғамдық қызметтің түрлі салаларында маңызды жетістіктерге қол жеткізудің үлгісі болып табылады.
Ильяс өзінің кәсіби жолын ақпараттық талдау және коммуникация саласында бастап, әр кезеңде маңызды нәтижелерге қол жеткізді:
• 2017 ж. – ОҚО Ішкі саясат басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» КММ «Ақпарат» бөлімінің маманы;
• 2017–2018 жж. – ҚР ЕХӘҚМ «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Жұмыспен қамту орталықтарын әдістемелік қолдау және коммуникациялар департаменті Коммуникациялар басқармасының бас маманы;
• 2018–2019 жж. – ҚР ЕХӘҚМ «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Ақпараттық ілгерілету және PR департаменті Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарманың жетекші сарапшысы;
• 2019–2020 жж. – сол департаменттің жетекші сарапшысы;
• 2020–2024 жж. – Ақпараттық ілгерілету және PR басқармасының бас сарапшысы;
• 2024 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөніндегі басқарманың бас сарапшысы.
Ильяс Абзал Камалұлы кәсіби қызметінде бірнеше марапатқа ие болды:
• ҚР «Әлеуметтік – еңбек саласының үздігі» төсбелгісі (2024 ж.);
• ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттары (2019, 2020, 2021, 2022);
• Шымкент қаласының өңірлік кадр резервінің мүшесі.
Ильяс тәжірибесі мемлекеттік басқару, PR және коммуникация саласындағы кәсіби жетістіктердің үлгісі болып табылады, ол өз саласында үздік нәтижелерге қол жеткізіп келеді.
Кәсіби жолын мәдени-ағартушылық жұмыс бөлімінде нұсқаушы ретінде бастаған Кеңес Шерхан Үсенұлы қызмет жолында жүйелі түрде өсіп, әр кезеңде маңызды нәтижелерге қол жеткізді:
• 01.07.2015 – 31.12.2015 — Абай ауданы әкімінің аппараты, мәдени-ағартушылық жұмыс бөлімі, нұсқаушы;
• 31.12.2015 – 19.04.2016 — мәдени-ағартушылық жұмыс бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы;
• 20.04.2016 – 12.01.2021 — мәдени-ағартушылық жұмыс бөлімінің бас маманы;
• 13.01.2021 – 06.10.2021 — ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы;
• 07.10.2021 – 14.04.2024 — ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы;
• 15.04.2024 – бүгінгі күнге дейін — Абай ауданы әкімінің аппаратының басшысы.
Кеңес Шерхан Үсенұлы мемлекеттік марапаттармен және алғыс хаттармен бірнеше рет марапатталған:
• Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хаты» (2022 ж.);
• Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасының «Алғыс хаты» (2022 ж.);
• Шымкент қаласы әкімі мен Абай ауданы әкімі атынан алғыс хаттар;
• Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика комитеті төрағасының «Алғыс хаты» (2021 ж.);
• «AMANAT» партиясының Шымкент қаласы бойынша төрағасының «Алғыс хаты».
Оның тәжірибесі мемлекеттік басқарудағы тиімділік пен қоғамдық қызметке адалдықтың үлгісі болып табылады.




06.11.23-17.11.23
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы М.Әуезов атындағы ОҚУ «Цифрлық сауаттылық және онлайн оқыту әдістері» тақырыбында 72 сағат ішінде біліктілігін арттырудан өтті.

Қысқы мектепте 7 ел (Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Польша, Беларусь және Әзірбайжан), 19 университеттің спикерлері мен тыңдаушылары қатысты.
Жабылу салтанатында спикерлер мен тыңдаушылар тарапынан қысқы мектепті ұйымдастырушы М.Ауезов атындағы ОҚУ –нің «Менеджмент және маркетинг» кафедрасына, Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына алғыс айтылды.

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы 2024 жылдың 5-17 ақпаны аралығында, 2024 жылғы 19 ақпаннан 2 наурызға дейін
біліктілікті арттыру курсын аяқтады. «Мемлекеттік басқарудағы маркетинг пен менеджменттің инновациялық әдістері» 72 академиялық сағат көлемінде.


Әрбір оқытушы тиісті курстардан өтіп, заманауи білім беру талаптары мен стандарттарына сәйкестігін растайтын біліктілікті арттыру сертификаттарына ие болды.
Бұл білім беру үдерісінің сапасын арттыруға, пәндердің өзектілігін қамтамасыз етуге және оқытудың заманауи әдістерін енгізуге мүмкіндік береді.
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының доценті Қыдырова Жамила Шафхатқызы, 06.04.1972 ж.т., Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының 24.12.2021 жылғы 21-32-3.21 хаттамасына сәйкес марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы Ресей Федерациясында «Білім және ғылымдағы менеджмент» (Жоғары білім берудегі стратегиялық менеджмент және көшбасшылық. Университет менеджменті) мамандығы бойынша тағылымдамадан өту бағдарламасы бойынша оқуға арналған.
Қыдырова Жамиля Шафхатқызы Ресей Федерациясы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өтті.
Оқу мерзімі: 01.03.2022 бастап 31.05.2022 дейін.



Кафедраның ПОҚ мен студенттер баяндамалар дайындап, өзекті мәселелерді талқылап, екі тарап та өз тәжірибелерімен бөлісті.

AP09261075 "Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлденең интеграцияланған құрылым ретінде өңірлік азық-түлік хабының моделін қалыптастыру"жобасы аясында (Түркістан облысының ет кластері мысалында) 2021 жылғы "15" сәуірдегі № 219-4 шарт бойынша зерттеу тобы профессор Д.А. Құланова және PhD докторы А. Е. Есболова Дармштадт Техникалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. 18-22.09.2023 көрсетілген кезеңде зерттеушілер ғылыми және академиялық қызметте ынтымақтастық орнатты.
Зерттеу тақырыбы бойынша болу кезінде кластерді қалыптастыру үшін ет және ет өнімдерін, инфрақұрылымдық объектілерді өндіру және терең өңдеу бойынша ақпарат жиналды. Сондай-ақ ғалымдар Германияның ауылшаруашылық секторындағы кластерлік бастамаларды зерттеген Карлсруэ технологиялық институтына барды. Олар әріптестері доктор Ульрике ван дер Шаафпен және профессор Хайке Карбштейнмен кездесіп, азық-түлік орталығын құру және оның дамушы елдер үшін пайдасы туралы талқылады.
Болашақта зерттеу тобы Карлсруэ технологиялық институтының ауыл шаруашылығындағы экономика және менеджмент саласындағы ынтымақтастықты жоспарлап отыр.

Аталған куәліктерді кафедра оқытушылары студенттермен бірлескен авторлықта жыл сайын алып отыратынын атап өткен жөн. Мұндай ынтымақтастық форматы студенттердің ғылыми мәдениетін дамытуға, зерттеушілік құзыреттерін қалыптастыруға және оларды нақты ғылыми жобаларға тартуға ықпал етеді.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар ғылым мен тәжірибенің өзекті бағыттарын қамтып, кафедраның ғылыми әлеуеті мен дайындық деңгейінің заманауи талаптарға сай екенін көрсетеді. Авторлық құқықтарды тіркеу әзірленген материалдардың жаңашылдығы мен маңыздылығын растап, олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді.
Кафедра алдағы уақытта да оқытушылар мен студенттердің бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін дамытуды және оның нәтижелерін авторлық куәліктер түрінде тіркеуді жалғастырып, ғылыми-білім беру әлеуетін нығайтуды жоспарлап отыр.
Түркияға академиялық ұтқырлыққа барған студент қыздардың пікірлері:
“Мен Абдысаламова Қарлығаш ЭФ20-4к студентімін және де менің группаласым Ильяс Ақерке, 25.09.2022-3.02.2023 уақыт аралығында Түркия елінің Стамбул қаласында, Халич университіне академиялық ұтқырлық бойынша оқуға барып келдік. Халич университеті Түркиядағы ең үздік оқу орындарының бірі болып саналады. Бұл біз үшін үлкен тәжіриебе болды, ағылшын тілімізді одан әрі жетілдіріп, дамытып және де түрік тілін үйреніп келдік. Көптеген шетелдік достар таптық. Осындай мүмкіндік берген М.Ауезов университетімізге және академиялық ұтқырлық орталығына алғысымзды айтамыз.”

Бұл практика басқарушылық құзыреттерді қалыптастыруға, мемлекеттік қызмет дағдыларын дамытуға және жергілікті басқару органдарының жұмыс істеу тетіктерін түсінуге ықпал етеді.




Практика базалары: «Smarter Kazakhstan» ЖШС Аутсорсинг компаниясы, ҚТЖ-жүк тасымалы-Шымкент филиалы, ЖШС «Абу-М», ЖШС «TECH-KREP KZ», ЖШС «Coffee Boom»
бакалаврларымыз осы ұйымдарда диплом алды тәжірибеден, ал магистранттарымыз ғылыми-зерттеу жұмыстарынан өтеді.




Жұмыс сапары бағдарламасы:
- Ташкент мемлекеттік экономика университетінде бакалавриат және магистранттарға дәріс оқу.
- Бұхара инженерлік-технологиялық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу
- Науаи атындағы мемлекеттік университетінде өткен конференцияға қатысу
- Өзбекстан Республикасы Жиззах қаласындағы «Самбрань» университетінің конференциясына қатысу.
Сонымен қатар, олар «Менеджмент» мамандығының студенттері үшін ашық дәрістер мен мастер-класстар өткізіп, ЕАЭО аясындағы халықаралық маркетинг пен ынтымақтастық бойынша құнды тәжірибелерімен бөлісті.
Зерттеу жұмысы цифрландырудың ауылшаруашылығына әсерін, оның институционалдыққұрылымын жетілдіру мәселелерін, Испанияныңауыл шаруашылығындағы цифрландырутәжірибесіне салыстырмалы талдау жасауды, сондай-ақ озық тәжірибелерді Қазақстанның, соның ішінде Түркістан облысының ауылшаруашылығына бейімдеу жолдары мен тетіктерінзерделеуге бағытталған.
Қазіргі уақытта М. Әуезов атындағы ОңтүстікҚазақстан университетінде «Экономика» мамандығы бойынша докторантурада білім алуда. Сонымен қатар, «Менеджмент және маркетинг» кафедрасында қосалқы оқытушы ретінде қызметатқарады.











