Жастар орталығы
Жастар орталығының директоры:
Бесбаев Ақан Сәбитұлы
Мекен-жайы: 160012. Шымкент қаласы,
М.Әуезов атындағы ОҚУ, бас ғимарат, 108каб.
телефон: +7 771 368 19 99
Жастар орталығының негізгі мақсаты:
Жастар орталығының негізгі мақсаты:
- университет студенттерінің қоғамдық белсенділігі мен патриоттық сезімін арттыру;
- студенттердің жан-жақты дамуы мен студенттік көзқарасын қалыптасыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу;
- оқу орнындағы әрбір студентпен тығыз байланыста жұмыс істеу.
- Студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- Университет студент жастарының бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал жасау;
- Оқу ғимараттарында және студенттік жатақханаларында мәдени, саяси, интеллектуалдық және спорттық іс-шараларын ұйымдастыру;
Жастар орталығының жалпы мақсатына оны білім беру құрылымдары жүйесі арқылы жүзеге асыру және нақты міндеттерді шешу арқылы қол жеткізіледі, олардың ішінде мыналар ең өзекті болып табылады:
- қоғамдық маңызды істерге қатысу арқылы студенттердің жеке басының әлеуметтік маңызды қасиеттерін қалыптастыру;
- студенттердің өзін-өзі тануын қалыптастыру және студенттің жеке басының өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау;
- студенттерді гуманистік дүниетанымдық көзқарастарға және қоғамның жаңа әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларындағы өмірлік құндылықтарға бағдарлау;
- интеллигент пен азаматтың ішкі бостандығы мен өзін өзі бағалау сезімін қалыптастыру;
- ұлттық сана-сезімді, белсенді азаматтық ұстанымды, патриотизмді, заңдылық пен құқықтық тәртіпті құрметтеуді қалыптастыру;
- студенттердің коммуникативті қабілетін арттыру,кәсіптік дағдыларға баулу
- студенттік қоғамдастықта салауатты өмір салтына деген көзқарасты қалыптастыру, отбасын құруға деген ұмтылысты тәрбиелеу, гуманизм мен демократия рухында жаңа ұрпақты тәрбиелеу;
Жастар орталығының қызметкерлері
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз