Қазақстан халқы Ассамблеясы
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми Кеңесінің 2015 жылғы 30 қаңтарда №8 хаттама шешімімен құрылды.
Кафедра меңгерушісі Есеналиев Асхат Ералыұлы Заң ғылымдарының кандидаты Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5, Бас ғимарат, 350 кабинет Телефон: 8-7252-30-09-75 E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
-
Қызметкерлер тізімі
Кафедра меңгерушісі
Есеналиев Асхат Ералыұлы
Заң ғылымдарының кандидаты
Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Тауке-хан даңғылы 5, Бас ғимарат, 350 кабинет
Телефон: 8-7252-30-09-75
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.Өтеева Камшат Құрманбайқызы
Бас маман
Саясаттану ғылымдарының магистрі
Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.Бекжігітова Сандуғаш Бегасылқызы
Бас маман
Құқықтану ғылымдарының магистрі
Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.Бажак Назира Пернешқызы
Жоғары білікті маман
Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.Сакова Гулназира Жәлилханқызы
Бас маман
Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.Баймаханов Нұрбек Бақтиярұлы
Жоғары білікті маман
Тарих және гуманитарлық ғылымдарының магистрі
Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.Әмірхан Ерхан Әшірханұлы
Жоғары білікті маман
Тарих және гуманитарлық ғылымдарының магистріҮмбет Марал Абдімәлікқызы
Жоғары білікті маман
Дінтану ғылымдарының магистрі
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. -
Жаңалықтар
Н.НАЗАРБАЕВ-ӘЛЕМДІК ҰЛЫ ТҰЛҒА, САЯСАТКЕР ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
29 қараша 2019 жылы сағат 16.00-де М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимараты Акт залында Н.НАЗАРБАЕВ - ӘЛЕМДІК ҰЛЫ ТҰЛҒА, САЯСАТКЕР тақырыбында кездесу өтті. Кездесуді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
Кездеуге Шымкент қаласы ҚХА төрағасының орынбасары хатшылық меңгерушісі Қалмұратов Мұратәлі Оразалыұлы, Шымкент қаласы Қоғамдық келісім КММ басшысы Байқонақов Ербол Сүлейменұлы қатысты.
Кездесу барысында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы меңгерушісі Есеналиев Асқат Ералыұлына, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының бас маманы Утеева Камшат Құрманбайқызына Шымкент қаласы ҚХА төрағасының орынбасары хатшылық меңгерушісі Қалмұратов Мұратәлі Оразалыұлы Алғыс хаттармен марапаттады.
«МӘҢГІЛІК ЕЛ НЕГІЗДЕРІ – БІРЛІК, ТАТУЛЫҚ, КЕЛІСІМ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
26 қараша 2019 жылы сағат 15.00-де М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратында «Мәңгілік Ел негіздері – бірлік, татулық, келісім» атты дөңгелек үстел өткізілінді. Дөңгелек үстелді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: елімізді қарышты дамыған мемлекетке айналдыру, ұлттық мүддені, рухани дүниені жаңғыртуды жəне өзіміздің қазақ ұлтының мерейін асыруға, қалыптасқан тарихи үрдістерін жаңғырту.
Кездесудің модераторы М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қахақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., доцент Есеналиев Асқат Ералыұлы.
Дөңгелек үстелге М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Қоғамдық сананы жаңғырту жобалық кеңсесінің басшысы, т.ғ.к., доцен Жанысбекова Гульнар Амирбекқызы, Акбердиева Саима Нажиповна Шымкент қалалық татар-башқұрт этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, Искандарова Диана Шамиловна М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті , «Достық» клубының төрайымы және университет студенттері сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік ел» құрудың негізгі бағыты», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары бойынша семинар- лекторий
2019 жылғы 20-21 қараша күндері М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Құрылыс және көлік», «Тоқыма және тамақ инженериясы», «Заңтану және халықаралық қатынастар», «Басқару және бизнес», «Механика және мұнайгаз ісі» факультеттерінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының мамандары кесте бойынша Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік ел» құрудың негізгі бағыты», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары бойынша семинар- лекторийлер өткізді.
Семинар лекторийдің мақсаты: Студент жастар арасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын түсіндіру.
Рухани келісім күніне орай «Татулық пен келісім – Тәуелсіз Қазақстанның таңдауы» тақырыбында дөңгелек үстел
17-қазан 2019 жылы сағат 11:00 де М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің 8 оқу ғимараты Акт залында Қазақстандағы Рухани келісім күні аясында «Рухани келісім – бірлік бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы және Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Рухани келісім күнінің маңызы, мазмұны және қажеттілігін көпшілікке түсіндіру. Дінаралық, этносаралық, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар арасындағы келісімді нығайтуға, сондай-ақ, Рухани келісім күні қайырымдылық істерді дамытуға, ізгілік пен мейірімділікке жол салу.Өткізілген іс-шараларда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат пен конфессияаралық қарым-қатынас саласындағы негізгі басымдықтар барынша жан-жақты түсіндірілді. Кездесудің модераторы М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қахақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., доцент Есеналиев Асқат Ералыұлы.
Дөңгелек үстелге Шымкент қалалық этномәдени бірлестіктер басшылары және университет профессор оқытушы құрамы қатысты. Атап айтар болсақ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Нұрманбетов Қайрат Еңбекшіұлы, Қоғам және мемлекет қайраткері Мырзахметов Шалатай Мырзахметұлы, Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы, Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Байқонақов Ербол Сүлейменұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы және университет студенттері сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.
«ТІЛ - ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» атты дөңгелек үстел
2019 жылы 20 қыркүйек күні сағат 15.00-де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеттің бас ғимараты C.Т.Сүлейменов атындағы конференц залында «ТІЛ - ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаменті мен «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Бүгінгі жас ұрпақ – мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы- туған Отанын, туған тілін сүюден басталады. Елбасы бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу арқылы ұсыныстарын және нақты тапсырмаларын берген болатын. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты – ұлтшыл емес, ұлттық сана – сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.
Дөңгелек үстелге Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Пулатов Шерзод Аббазович, М.Әуезов атындағы ОҚМУ Тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі, п.ғ.м., Жамантаева Ақтолқын Әлиярбекқызы, Шымкент қалалық тілдерді оқыту әдістемелік орталығының директоры Жұманова Нүрила Серікбайқызы, Қазақстан Республикасының өзбектері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Хашимжанов Икрам Акрамұлы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистрі Хамраев Алишер Ягшымырадович, ПОҚ және университет студенттері қатысты.
2019 жылдың 11 қыркүйек күні сағат 16:00-де М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Бас ғимарат конференц залында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының ұйымдастыруымен
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жиыны өтті.
Жиынның негізгі мақсаты: Жиынға қатысушы студенттер мен профессор оқытушы құрамына Жолдаудың 5 басым бағытын түсіндіріп, алдағы уақытта бір мақсатта жұмыла жұмыс істеуге шақыру.
«ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҚУАТТЫ ЕЛГЕ ЖОЛ - КРЕАТИВТІ ЖАСТАР» және 4K моделі – КРЕАТИВТІЛІКТІ, СЫНИ ОЙЛАУ, БАЙЛАНЫСҚА БЕЙІМДІЛІКТІ, КОМАНДАДА ЖҰМЫС ІСТЕЙ БІЛУГЕ» атты Республикалық ғылыми-педагогикалық дөңгелек үстел
2019 жылы 12 маусымда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасының педагог-ғалымдардың, «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қорының, ПҚБАИ «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысының филиалының, Шымкент қ., Білім басқармасының қатысуымен жалпы және кәсіптік-техникалық, сонымен қатар арнайы білім беру мекемелердің әдіскерлер мен ғылыми-әдістемелік бірлестіктердің жетекшілеріне арналған «ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҚУАТТЫ ЕЛГЕ ЖОЛ – КРЕАТИВТІ ЖАСТАР» және 4K моделі – КРЕАТИВТІЛІКТІ, СЫНИ ОЙЛАУ, БАЙЛАНЫСҚА БЕЙІМДІЛІКТІ, КОМАНДАДА ЖҰМЫС ІСТЕЙ БІЛУГЕ» атты ғылыми-педагогикалық дөңгелек үстел өткізеді.
2018 жылы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын Қазақстан халқына жолдады, ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және Қазақстанның әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған, және 2019 жыл Жастар жылы деп аталды. 2019 жыл «Тәуелсiздiктің ұрпақтары» - Жастар жылы 2019 жыл деп аталды, осыған орай әрбір қазақстандықтың еліміздегі ғылыми-білім беру өзгерістер үдерістеріне атсалысуы. Елбасы «...Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек» деп нақтылады.
Республикалық ғылыми-педагогикалық дөңгелек үстелдің мақсаты «білім, ғылым және тәрбиенің жаңа тәсілдері «4К моделі: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істеу білуге» бағытталған тақырыптарды талқылау және сапалы түрде жүзеге асыру. Адам мен жастардың білім, жұмыс, отбасы траекториясын жалпы айтқанда дамытуды ынталандыру. Жастардың әлеуметтік-мәдени бейімделу мәселелерін шешу жастардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту - интеллектуалды қуатты елге жол болып табылады.
Ғылыми-педагогикалық дөңгелек үстелдің жұмысына «Нұр Отан» партиясының Жас Отан қанаты, Қазақстан Халқы Ассамблеясы, Шымкенттің әкімдігінің Білім беру, дене шынықтыру және спорт, мәдениет басқармалары, Шымкент қ., Назарбаев Зияткерлік мектептері, «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық Қоры, Қазақстан Республикасы ЖОО-ның Жас ғалымдар Кеңесінің өкілдері, қоғамдық қайраткерлер.
Тақырыптық презентациялар өткізілді, секциялық жұмыстар аймақтағы жастардың ғылыми жетістіктерінің көрмелерін, іскерлік және әлеуметтік жобалар бойынша тренингтерін көрсетілді.
«МӘҢГІЛІК ДОСТЫҚ МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ
2019 жылы 30 мамыр күні сағат 15.00-де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеттің бас ғимаратындағы академик С.Т.Сүлейменов атындағы мәжіліс залында «Мәңгілік достық Мәңгілік елдің тірегі» тақырыбында Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасының бас консулы Фатхуллаев Аброр Жахангеровичпен кездесу өткізілді. Кездесуді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
Қазіргі таңда екі елдің ынтымақтастығы мен байланысының нәтижесінде университетімізге 2300-ден астам студент жастар Өзбекстан Республикасынан келіп, елдің білім мен ғылымның дамуына өз үлестерін ерекше қосуда. Университетіміздің жанынан Ташкент мемлекеттік университетінің филиалын ашу жайлы, ОҚМУ-нің Ташкент мемлекеттік университетінің жанынан филиалдар ашу жайлы уағдаластыққа қол қойылды. Жалпы университетімізге Орта Азия түркі тілдес елдерден келуші талапкерлер ұсыныс білдіруде.
Кездесуге Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Хашимжанов Икрам Акрамович, М.Әуезов атындағы ОҚМУ Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының қызметкерлері, Өзбекстан Републикасынан келіп оқып жатқан университет студент жастар қатысты.
1- МАМЫР ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «БЕРЕКЕ БАСТАУЫ БІРЛІКТЕ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
2019 жылы 30 сәуір күні сағат 10.00-де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеттің бас ғимараты академик С.Т.Сүлейменов атындағы мәжіліс залында 1-МАМЫР Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Береке бірлік бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – 1 - мамыр халықаралық ынтымақ күні ретінде елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың татулығы мен достығы күні ретінде аталады. "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Дөңгелек үстелге М.Әуезов атындағы ОҚМУ Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры С.А.Мәжінбеков, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының қызметкерлері, университет студенттері қатысады.
Шымкент қалалық «Ынтымақ» этномәдени және Түркістан облыстық қырғыз этномәдени бірлестіктері өкілдерімен «Қазақстан – бірлік пен татулық мекені» тақырыбындағы кездесу
2019 жылғы 18 сәуір күні сағат 15.00-де М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының конференц залында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастыруымен Шымкент қалалық «Ынтымақ» этномәдени және Түркістан облыстық қырғыз этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен «Қазақстан – бірлік пен татулық мекені» тақырыбындағы кездесу өткізілді.
Кездесудің ұйымдастырылу мақсаты: Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт – саналары және олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізу.
Кездесуге Шымкент қалалық «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігінің төрайымы Төлепова Гаухар Уалиханқызы, Түркістан облыстық қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Рысбеков Аблай Серикбаевич, Шымкент қалалық «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі жастар қанатының төрайымы Жақсылық Ғалия, Шымкент қалалық «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігінің төрайымы ның орынбасары Садықова Жангүл Эрнстқызы, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының ұжымы, университеттің профессор-оқытушылар құрамы және факультет студенттері қатысты.
«1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ»
2019 жылы 28 ақпан күні сағат 11.00-де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Акт залында «1 наурыз – Алғыс айту күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс – шараны М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
Іс–шараның мақсаты – Алғыс айту күні – ол, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.
Іс–шараға облыстық Ассамблея хатшылығының қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы және студенттері қатысты. Іс-шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
«ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІНІҢ МӘНІ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»
2019 жылы 21 ақпанда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми зерттеу басқармасы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасымен бірігіп, «Ұлы Дала өркениетінің маңызы мен құндылықтары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
Негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және 2018 жылғы 20 қарашадағы «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын насихаттау және іске асыру.
Конференцияға шетелдік және отандық ғалымдар, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, университеттер профессорлары мен оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, жергілікті және республикалық білім беру басқармасының мамандары қатысты.
Конференцияға 100-ге жуық мақала келді. Пленарлық және секциялық мәжілістерде 67 баяндама тыңдалып талқыланды және конференция еңбектерінің «Қазақтану» журналының 1-ші нөмерінде жарық көрді.
«Қазақстандағы медиация билер билігінің жалғасы» тақырыбында дөңгелек үстел
12 ақпан 2019 жылы сағат 11:00 де М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің конференц залында «Қазақстандағы медиация билер билігінің жалғасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі. Дөңгелек үстелді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті», «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: медиаторлардың жұмыс тәжірибесін, Қазақстанда медиацияны дамыту жоспарын толық және жан-жақты сипаттау.
Дөңгелек үстелге Республикалық қоғамдық бірлестігі медиацияны дамыту орталығы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша өкілдік директоры Ақшегірова Лаура Мұратқызы, Кәсіби-халықаралық медиатор Сейдазова Гулизат Шүкірқызы, Республикалық қоғамдық бірлестігі медиацияны дамыту орталығының кәсіби медиаторы, заңгер Байтасов Данабек Тілләбекұлы, «Медиация дамыту орталығы» РКБ Шымкент қаласы кәсіби медиаторы Қожахметова Гүлжан Бектайқызы,бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы және факультет студенттері қатысты.
Студенттік жатақханаларда тұратын студенттерге «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру аясында» Қазақстандықтардың ортақ мәдени тарихи сананың негізінде халықтың бірлігін нығайту мақсатында «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын» түсіндіру жұмыстары
2019 жылы 7-8 ақпан күндері аралығында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының мамандары студенттік жатақханаларда тұратын студенттерге «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру аясында» Қазақстандықтардың ортақ мәдени тарихи сананың негізінде халықтың бірлігін нығайту мақсатында «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын» түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Негізгі мақсат – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында барша қазақстандықтың ортақ мәдени коды, біртұтас құндылықтары мен жалпыұлттық тарихи санасы негізінде халықтың бірлігін нығайту. Сонымен қатар, этностар арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік принциптерін дәріптеуге басымдық беру.
«Желтоқсан ызғары – ұлт рухының биік белесі» атты дөңгелек үстел
2018 жылғы 13 желтоқсанда М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Бас ғимаратының мәжіліс залында «Желтоқсан ызғары – ұлт рухының биік белесі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің ұйымдастырылу мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл- қыздарымыздың ерліктері жайында баяндай отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру және желтоқсан оқиғасы арқылы талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді ұғындыру.
«Мәңгілік ел» контекстінде қоғамдық сананы жаңғырту және ұлттық кодты сақтау атты онлайн режимде Халықаралық ғылыми - практикалық конференция»
12 желтоқсан 2018 жылы сағат 11-00де Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы мен «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедраларының Республикалық Ассоциациясы бірлесе отырып, Мәңгілік ел контекстінде қоғамдық сананы жаңғырту және ұлттық кодты сақтау атты тақырыпта онлайн режимде Республикалық ғылыми - практикалық конференция» өткізді. Конференцияға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мелекеттік университеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының қызметкерлері онлайн режимде қатысты.
«Қазақстанда Өзбекстан жылына арналған «Біз бір халықпыз» атты іс-шара.
2018 жылдың 8 желтоқсан күні Шымкент қаласы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы және Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығы бірлесе отырып «Қазақстанда Өзбекстан жылына арналған «Біз бір халықпыз» атты бағдарламалық іс-шара өткізілді.
Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы-Хашимжанов Икрам Акрамович Қазақстан халқы Ассамблеясының қаулысына сәйкес М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ректорын, «Қазақстан халқы Ассамблясы» арнайы кафедрасының қызметкерлерін, бірқатар этномәдени бірлестіктер төрағаларын, бөлім басшыларын, Қазақстан өзбектері этномәдени қауымдастығының «Дустлик» медалімен марапаттады.
«Тәуелсіз қазақстан – Мәңгілік Ел» Қазақстан Тәуелсіздігінің 27 жылдығына араналған мерекелік кеш
2018 жылғы 8 желтоқсан күні сағат 10-00-де Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде қалалық этно-мәдени бірлестіктердің өзара ынтымақтастығы мен достығын нығайту мақсатында Оқушылар сарайында Халықтар достығы музейі, Қазақстан халқы Ассамблеясы және Славян ұлттық мәдени бірлестігі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай «Тәуелсіз Қазақстан –Мәңгілік Ел» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға қаладағы 16-мәдени орталықтың төрағалары қатысты.
Қайырымдылық іс-шарасы
2018 жылы 7 желтоқсан күні Шымкент қалалық №4 балалар мектеп интернатында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті 26-сессиясында Ел президентінің қайырымдылық жобасын іске асыру мақсатында «Жетім көрсең жебей жүр» атты акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында өткізілген іс-шараға мектеп интернат басшылығы мен ұжымы және асыраушысынан айырылған балалар өз ризашылығын білдірді.
Жатақхана студенттеріне «Ұлттық татулық, бірлік, бірегейлік тақырыбында түсіндіру жұмыстары
2018 жылы 6-7 желтоқсан күндері аралығында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы мамандары №1, №3, №4, №5, №6 жатақханаларда тұратын студенттерге жатақхананың ішкі тәртібі мен таныстыру және «Ұлттық, татулық, бірлік, бірегейлік» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында түсіндіру және насихаттау жұмысы
2018 жылы 22-23 қараша күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті мен «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебі, «Дене тәрбиесі және спорт» факультеті мен «Ауылшаруашылық ғылымдары» жоғары мектебі студенттеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының мамандары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында түсіндіру және насихаттау жұмысын өткізді.
Көпэтностық қоғам және заманауи мемлекет: даму стратегиялары» атты сарапшылар мен ғалымдардың форумы
2018 жылғы 19 қараша күні Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасының кітапханасында «Көпэтностық қоғам және заманауи мемлекет: даму стратегиялары» атты сарапшылар мен ғалымдардың форумы өтті. Форумға «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының жылдық есебін беруге кафедра меңгерушісі Есеналиев Асхат Аралбайұлы қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары- хатшылық меңгерушісі Л. Прокопенкодан Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірліктің қзазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жобалардың республикалық конкурсының қорытынды кезең номинанты ретінде дипломымен марапатталды.
«Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру»
2018 жылы 9 қарашада №3 ғимаратта, 122 аудиторияда «Құрылыс және көлік» факультеті, «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасымен бірлесе отырып Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында 1-курс студенттеріне үгіт-насихат жмыстары жүргізілді.
«100 нақты қадам» - Ұлт жоспары – «Мәңгілік Ел» құрудың негізгі бағыты»
2018 жылы 8 қарашада №3 ғимаратта, 417 аудиторияда «Құрылыс және көлік» факультетінің 1-курс студенттеріне «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары – «Мәңгілік Ел» құрудың негізгі бағыты» тақырыбында кездесу өткізілді.
2018 жылы 7 қараша күні сағат 10.00-де М.Әуезов атындағы ОҚМУ –дің бас ғимараты, №342 аудиторияда «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының ұйымдастыруымен «Жалпы ұлттық тұтастық -Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылудағы маңызды фактор ретінде» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңелек үстелдің мақсаты - ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның ауызбірлігін қамтамасыз ету. Іс-шараға қатысушыларға қоғамды біріктірудегі Қазақстан халқы Ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің рөлі, жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу, толеранттылық қағидаларды қалыптастыру туралы, ұлтаралық қатынастардағы мәдениет, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және Қазақстанда тұратын басқа ұлттардың тілдерін дамыту туралы айтылды.
25 қазан 2018жылы Жамбыл облысының Тараз қаласында, Достық үйінде "Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынасы контексіндегі Мәдениеттер диалогы"атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар: Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, ғылыми-сараптамалық топ, Жамбыл облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Конференцияның мақсаты: Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастарды жетілдірудің шешуші факторы ретінде Мәдениет диалогын дамыту жолдары мен мәселелерін талдау, аға ұрпақтың мәдени мұраларын зерттеу және насихаттау арқылы Орта Азия аймағы Халықтарының мәдени-өркениеттік жақындасуына ықпал ету. Конференция рухани қауымдастық негізінде халықтардың жақындасуына және көп ғасырлық достықты жеңілдетуге лайықты үлес қосуға арналған.
Оның жұмысына Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті.М. Әуезов "Қазақстан халқы Ассамблеясы" арнайы кафедрасының делегациясы қатысып, ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасады. Сондай-ақ, Өзбекстан, Қырғызстан ғалымдары, тарихшы-ғалымдар, Қазақстанның шығыс және Батыс Қазақстан аймақтарынан келген ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ Тараз қаласының ЖОО-ның студенттері мен ПОҚ қатысты.
«Өзгерістер – мүмкіндікке жол ашады»
2018ж 23-25 қазан күндері аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің жоғары мектеп және факультеттері арасында «Студенттерге психологиялық көмек көрсету » орталығының ұйымдастырумен «Өзгерістер –мүмкіндікке жол ашады»тақырыбында шетел студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесуге университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы » арнайы кафедарсының мамандары Әмірхан Е.Ә.,Турегелдиева Э.М.,Баймаханов Н.Б.. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы мен қызметі туралы баяндама жасады.
2018 жылғы 8 қазан сағат 15.30-да М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимараты 342 аудиторияда «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ – АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Жолдауға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
«ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ, ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» жобасын талқылау
Осыдан тура бір жыл бұрын жарияланған елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеу және әлемнің озық тәжірибесін меңгерудің жолдары айтылған болатын. Осы бағытта қолға алынған көптеген жобалар өзінің нәтижесін бере бастады. «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының аясында жарық көре бастаған кітаптар соның айқын дәлелі болып табылады. Жалпы жастарымыздың жоғары ғылыми стандарттауға сай білім алуы әрқашанда Елбасының назарында. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын – қыстау кезеңдерге қарамастан талантты да талапты жастарымызды әлемнің түкпір – түкпіріндегі алдыңғы қатарлы оқу орындарына жіберіп, олардың саналы да сапалы білім алуына жағдайлар жасалынды. Қазіргі таңда еліміздің іргесі нығайып, Тәуелсіздігіміз бекемделіп еңсеміз түптелген шақта осындай оқу орындары елімізде де ашылып, отандық білімнің жан-жақты дамуына жол ашылуда. Осы игі істердің жалғасы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы іске асырылуда. Осы кітаптарды қазақ тілінде жастарымыз оқып үйренуге мүмкіндік алды.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын насихаттау «Адами капиталдың жаңа сапасы»
2018 жылдың 23 сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Елбасытану» ғылыми-әдістемелік орталығында «ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын насихаттау «Адами капиталдың жаңа сапасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаменті, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы, «Ақпараттық білім беру» орталығы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты- Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жазып шыққан «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы - елдің болашақта қандай қағидаттарға сүйену керектігін көрсетіп берген бірегей туынды. Бұл жай ғана кітап емес, бұл - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өткенге және болашаққа көзқарасы. Осы жылдары болған оқиғаларда нақты талдау жасалған. Бұл тек фактілер ғана емес, бұл талқылау, терең пайым мен біздің Президенттің болашақты болжауы. Кітаптың құндылығы бәріміз үшін айқын көрініп тұр. Себебі, бұл туынды біздің мемлекетіміздің тарихын жасаған адамның қаламынан туып отыр. Сол себепті, кітап қашан да қажеттілігін жоғалтпайтын тұтас кезеңнің құжаты болып табылады. Президент өз жазуында жас мемлекеттің іргесін көтеру барысы әлемдік оқиғалар үрдісімен қатар жүргенін ерекше атап өтеді. Бұл «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының ең басты ерекшелігі.
«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы және қоғамдық сананы модернизациялау» атты видеоконференция
2018 жылдың 13 сәуір күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған Мәжіліс депутаттары және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының республикалық ассоциациясының бірлескен кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Мәжілісте Елбасы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы және қоғамдық сананы модернизациялау» атты үндеуі талқаланды.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мелекеттік университеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы онлайн режимде қатысты.
«Біртұтас ұлт – іргесі ажырамайтын шаңырақ»
2018 жылдың 11 сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Біртұтас ұлт – іргесі ажырамайтын шаңырақ» тақырыбында форум өткізілді. Форумды Оңтүстік Қазақстан облысық Қазақстан халқы Ассамблеясы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
Форумның мақсаты: Басқа ұлт өкілдерін құрметтеу, басқа халықтардың тілін, әдеп – ғұрыптарын және салт – дәстүрлерін сыйлау, басқа халықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі жетістіктерге оң баға беру, сонымен қатар олармен жақсы қарым – қатынаста болу, ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетін жаңғырту мәселелері қарастырылған.
Форумды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры С.Қ.Бейсенбаев кіріспе сөзбен ашып берді.
«Ұлы даланың рухани мұрасы: өткені мен бүгіні» аясында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары қазақстандық бірегейліктің негізі»
15 наурыз 2018 жылы сағат 11:00 де М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің конференц залында «Ұлы даланың рухани мұрасы: өткені мен бүгіні» аясында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары қазақстандық бірегейліктің негізі» тақырыбындағы республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияны М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаменті, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
Конференцияның мақсаты- қазіргі жастарға қазақ халқы талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан өткергенмен өзінің тарихы және ұлттық құндылық негіздерін жоғалтқан жоқ. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған 26 жылдың ішінде экономикасы қарқынды дамыған, рухани дүниесі берік орныққан, саяси бағдары айқындалған, өркениеттік демократиялық даму жолындағы жасампаз мемлекетті Елбасы Н.Назарбаевтың салихалы саясатының жемісі екенін жас ұрпақ бойына насихаттап қалыптастыру.
2018 жылғы 10 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау.
«1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ»
2018 жылы 28 ақпан күні сағат 11.00-де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Акт залында «1 наурыз – Алғыс айту күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс – шараны М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
Іс–шараның мақсаты – Алғыс айту күні – ол, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.
Іс–шараға облыстық Ассамблея хатшылығының қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы және студенттері қатысты. Іс-шара барысында облыстық этномәдени бірлестіктер өкілдері және университет мамандары ректордың алғыс хатымен марапатталды. Іс-шараны М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры апаратының басшысы
Д. С. Сабырханов кіріспе сөзбен ашты, сонымен бірге «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының бас маманы С.Б.Аблаев Алғыс айту күніне тақырыптық баяндама жасады. «Қазақстан кәрістері ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы төрайымы Пак Роза Викторовна, Облыстық «Ахысқа» түрік этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асанов Латипша Каймаханұлы, Облыстық иран этномәдени бірлестігінің төрағасы Капар-Пур Нурсбек Курбанұлы сөз сөйлейді. Іс-шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.
2017 жылғы 14 желтоқсанда М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Бас ғимаратының мәжіліс залында «Желтоқсан ызғары – ұлт рухының биік белесі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің ұйымдастырылу мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл- қыздарымыздың ерліктері жайында баяндай отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру және желтоқсан оқиғасы арқылы талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді ұғындыру.
Білім беру саласындағы медиация
31 қаңтар 2018 жылы сағат 11:00 де М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің конференц залында «Білім беру саласындағы медиация» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты - жоғары оқу орнында медиацияның негізгі қағидалары мен бағыттарын, білім беру саласы медиаторларының жұмыс тәжірибесін, Қазақстанда медиацияны дамыту жоспарын толық және жан-жақты сипаттау.2017 жылғы 27 қарашада М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының 312 аудиториясында «ДІН- «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ ТҰҒЫРЛАРЫНЫҢ БІРІ» тақырыбындағы лекторий өткізілді. Кездесуді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы өткізді.
Кездесуді ұйымдастырылу мақсаты. Тәуелсіздік арқасында халқымыз мәңгілік мұраттарға қол жеткізді, еліміздің жүрегі Елорда тұрғызылды. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ Мәңгілік Қазақтың перзенті. Ендеше Қазақ Елінің ұлттық идеясы Мәңгілік ел» – деген еді. Еліміз «Мәңгілік Ел» болу үшін - Тіл бірлігі, Дін бірлігі, Ұлт бірлігі, Азаматтық бір мақсат, бір мүдде деген басты төрт факторды қамтамассыз етуіміз керек екендігін студенттерге түсіндіріп өту.
2017 жылғы 29 қарашада М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының Акт залында Н.Ә.Назарбаев – ӘЛЕМДІК ҰЛЫ ТҰЛҒА, САЯСАТКЕР тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы өткізді. Кездесуге облысымыздан Жолдасов Нұрмахан Миятұлы
«Нұр Отан» партиясы ОҚО филиал төрағасының бірінші орынбасары.
Халмурадов Розақұл Сатыбалдиевич
Қоғам және мемлекет қайраткері, ОҚО құрметті азаматы.
Мырзахметов Шалатай Мырзахметұлы
Қоғам және мемлекет қайраткері, ОҚО құрметті азаматы.
Қадірбаева Фатима Қадірбайқызы – Еңбек ардагері, Бәйдібек ауданының құрметті азаматы, Бүкілодақтық «Ленин комсомолы» сыйлығының лауреаты.
Кездесуді ұйымдастырылу мақсаты. Бүгінде Қазақ елінің жаңғыруынан бастап,
Елбасының мызғымас мемлекеттің жарқын үлгісі – «Мəңгілік Ел» құрудағы өлшеусіз тарихи еңбегі жайында және 2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойып, 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мерекеге айналуын жастарға түсіндіру.
2017 жылғы 6 қарашада М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының Конференц залында Мемлекеттік этносаясаттың қалыптасу жолдары және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» атты этномәдени бірлестіктермен кездесу өткізілді. Кездесуді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы өткізді.
Кездесудің ұйымдастырылу мақсаты. Облысымыздағы этномәдени бірлестіктердің қызметімен, атқаратын жұмыстарымен танысу. Этностарды қоғамдық бастамаларға ұйыстыру, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту, патриотизмді дамыту, халқымыздың рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз ету. Қазіргі таңда біз бір ел – бір халық болып, бір мақсатта жұмыс атқарып келе жатқандығымызды жастарға түсіндіру.
13-қазан 2017 жылы сағат 11:00 де Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында «Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы» тақырыбында форум өткізілді. Форумды Оңтүстік Қазақстан облысық Қазақстан халқы Ассамблеясы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды. Форумның ұйымдастырылу мақсаты Рухани келісім күнінің маңызы, мазмұны және қажеттілігін көпшілікке түсіндіру. Дінаралық, этносаралық, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар арасындағы келісімді нығайтуға, сондай-ақ, Рухани келісім күні қайырымдылық істерді дамытуға, ізгілік пен мейірімділікке жол салу.
2017 жылғы 21қыркүйекте М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының мәжіліс залында «Тіл және тарих: Үштұғырлы тіл – «Мәңгілік Ел» құру факторларының бірі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырда.
Дөңгелек үстелдің ұйымдастырылу мақсаты. Бүгінгі жас ұрпақ - мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы - туған Отанын, туған тілін сүюден басталады. Елбасы бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу арқылы ұсыныстарын және нақты тапсырмаларын берген болатын. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.
2017 жылғы 16 ақпанда М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының мәжіліс залында «Қазіргі таңдағы терроризм және діни экстремизмнің алдын алудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің ұйымдастырылу мақсаты. Қазіргі әлемдегі діни экстремизм мен терроризм, оны болдырмаудың қажеттілігі, діни төзімділік пен ұлтаралық келісімді сақтау мәселелері, қазіргі таңдағы ислам дініне жат ағымдар, ҚР-ның терроризмге және экстремизмге қарсы заңдарын түсіндіру, Қазақстанның қазіргі таңдағы діни ахуалы жайлы мағлұмат беру.
Дөңгелек үстелге: Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметкерлері, облыс әкімі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ, облыстық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, дін істері, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшылары, облыс ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы және факультет студенттері қатысты.
Ұлтаралық татулық-еліміздің рухани байлығы және жетістігі” атты іс-шара
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, 21 қыркүйек 2016 жылы ТІ және ЖС департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының ұйымдастыруымен “Ұлтаралық татулық-еліміздің рухани байлығы және жетістігі” атты іс-шара болып өтті.
«Ар-намысым, мақтанышым, қасіретім-желтоқсан»
2016 жылдың 12 желтоқсан күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының конференц залында Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығына орай «Ар-намысым, мақтанышым, қасіретім-желтоқсан» атты дөңгелек үстел өткізілді. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің ұйымдастырылу мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жастарға еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізді түсіндіру.
«Рухани келісім – бірлік бастауы» тақырыбындағы лекторий
17-қазан 2016 жылы сағат 15:00 де М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай, 18 қазан – Қазақстандағы Рухани келісім күні аясында «Рухани келісім – бірлік бастауы» тақырыбындағы лекторий өткізілді. Лекторийді М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы, Оңтүстік Қазақстан облысы Ассамблея хатшылығы және Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті ұйымдастырды. Лекторийдің ұйымдастырылу мақсаты Рухани келісім күнінің маңызы, мазмұны және қажеттілігін көпшілікке түсіндіру. Дінаралық, этносаралық, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар арасындағы келісімді нығайтуға, сондай-ақ, Рухани келісім күні қайырымдылық істерді дамытуға, ізгілік пен мейірімділікке жол салу.Өткізілген іс-шараларда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат пен конфессияаралық қарым-қатынас саласындағы негізгі басымдықтар барынша жан-жақты түсіндірілді.
«1 желтоқсан – Тұңғыш Президенті күні: Ұлт Көшбасшысы, сарабдал саясаткер» атты дөңгелек үстел
2016 жылдың 23-қараша күні М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының мәжіліс залында «1 желтоқсан – Тұңғыш Президенті күні: Ұлт Көшбасшысы, сарабдал саясаткер» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: бүгінгі таңда Қазақстан әлемдік қауымдастыққа демократиялық мемлекет ретінде танылды. Ауқымды игі істер Тұңғыш Президент Н.Назарбаевпен байланысты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу ел алдындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атқарған еңбектерінің жемісі. Тұңғыш Президент Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев қазақстандық қоғамдағы келісім мен бейбітшілікке аса көңіл бөлді. Бұл біздің маңызды құндылығымыз, біздің негізгі міндетіміз оларды сақтау және қорғау.
Дөңгелек үстелге облысымыздың қоғам қайраткерлері, басқарма басшылары мен мемлекеттік мекеме басшылары, Президентіміз Н.Назарбаевтың курстасы қатысты. Дөңгелек үстел жоғары дәрежеде өтті.
Университеттің ғалымдары, оқу ордамыздың студенттік ректоры, қоғамдық бірлестіктердің және ардагерлерлер Кеңесінің өкілдері баяндама жасады.
Кафедраның негізгі міндеттері:
- Елбасының және Қазақстан халқы Ассамблеясының этноконфессияаралық келісім, саяси тұрақтылық,
- толеранттылық мәселелері бойынша саясатын жүзеге асыруды университет көлемінде насихаттау;
- оқытушылар мен студент жастар арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын және
- заңдарды түсіндіру;
- университет жастары арасында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының негізінде Қазақстан
- халқының бірлігін нығайту:
- этносаралық және дінаралық қатынастарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
- университет ұжымында мемлекеттік және жалпы саяси мәні бар ресми мерекелерді өткізу;
- түрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық және теориялық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер,
- лекторийлар өткізу;
- университеттің маңызды бағыттары бойынша әлеуметтік сауалнамалар жүргізу;
- еліміздегі және әлемдегі орын алған саяси оқиғалар бойынша оқытушылар, тәлімгерлер және студенттер
- арасында дәрістер жүргізу;
- облыстық, қалалық, аудандық, ішкі саясат құрылымдары, облыстық Ассамблея, «Қоғамдық келісім»
- коммуналдық мемлекеттік мекемесі, дін істері басқармасы т.б ұйымдармен бірлесе отырып іс-шаралар өткізу;
- Еліміздің қоғамдық-саяси өміріне арналған еңбектер, оқу құралдарын, кітапшалар, оқу-әдістемелік құралдар, оқу
- бағдарламаларын т.б материалдарын шығару;
- университеттің құрылымдық бөлімдеріне кафедраның негізгі бағыттары бойынша тұрақты түрде лекциялар оқу,
- кездесулер өткізу және басқада қызметтер көрсетіп отыру.
Ғылыми жұмыстар
- Қазіргі заманғы дінтану негіздері
- Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы
- Қазақ жері тұтастығының қалыптасуы
- Асанбай Асқаров –саяси қайраткер, ғалым, жазушы
- Елбасы жолдаулары-Еліміздің даму өзегі
- Қазақстан халқы Ассамблеясы- еліміздегі этносаралық келісімнің кепілі
- Елбасы Жолдауы және « 100 нақты қадам-Ұлт жоспары» дағдарысты еңсеру мәселелері
- Қазақстан Республикасындағы Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауы
- «Нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру
- 18 қазан -Қазақстандағы Рухани келісім күні.
Іс-шаралар
-
«Тіл және тарих: Үштұғырлы тіл – «Мәңгілік Ел» құру факторларының бірі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу, қыркүйек 2017ж.
-
18-қазан Рухани келісім күніне байланысты «Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы» тақырыбында форум өткізу, қазан 2017ж.
-
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы құндылықтарының негіздері – бірлік, татулық, келісім тақырыбында дөңгелек үстел өткізу, қараша 2017ж.
-
«Дін- «Мәңгілік Ел» идеясы тұғырларының бірі» атты дөңгелек үстел ұйымдастыру Хиджаб мәселесі туралы студенттер арасында лекция-әңгіме өткізу. Қараша 2017ж.
-
«Елі сүйген – елін сүйген Елбасы» тақырыбында Тұңғыш Президент күніне арналған кездесу өткізу, желтоқсан 2017ж.
-
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан ызғары – Ұлт рухының биік белесі» тақырыбында дөңгелек үстел. Желтоқсан 2017ж.
-
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары тақырыбында факультеттер арасында семинар – лекторийлар өткізу, желтоқсан 2017ж.
-
Ұлы даланың рухани мұрасы: өткені мен бүгіні» атты ғылыми-практикалық конференция өткізу, ақпан 2018ж.
-
Барлық этностарды бір шаңырақ астына топтастыратын «Алғыс айту күніне» арналған іс-шараға қатысу, наурыз 2018ж.
-
Жалпы ұлттық бірегейлікті нығайтудың негізгі факторлары және студенттер арасындағы бірлігі, наурыз 2018ж.