Орталық туралы

Камалдинов Рахымбек Әбсатұлы

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Мекен - жайы: Қ. Рысқұлбеков көшесі №1, № 13 ғимарат

Байланыс телефоны: 21-33-47; Факс: 21-01-41

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

www: htpp://www.ukgu.kz

Орталық басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты,  доцент Камалдинов Рахымбек Әбсатұлы.                                                                                                                                   

    Миссия - Біз ғылыми және кәсіпкерлік ойлау мен мәдениетті, жаңа көшбасшыны даярлау үшін жаңа құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталғанбыз.

    Мақсаттар мен міндеттер:

- түлектердің сапалы құрамын қалыптастыру және оларды қазіргі тарихи қайта құруларға бейімдеу;

- кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында жоғары оқу орнына дейінгі дайындық курстарына қазақ диаспорасы өкілдерін және шетелден келген талапкерлерді тарту;

- Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін кешенді тестілеуге дайындық кезінде білім беру үдерісін жетілдіру;

- курс тыңдаушыларының жоғары оқу орындарына түсу көрсеткіштерін жақсарту.

Жоғары оқу орнына дейінгі оқыту орталығының тарихы:

      М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен 2002 жылы 14 қазанда еліміздің жоғары оқу орындарына грант негізінде оқуға түсуге дайындық орталығы құрылды. 2004 жылдың қазан айында, Орталық, шет елдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне, сондай-ақ күндізгі оқитын шетелдік студенттер құрамына дайындық курстарын өткізу орталығына қосылу нәтижесінде, шетелдік студенттермен жұмыс жасау және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті болып  құрылды.
       2018 жылдың тамыз айында біздің факультеттің студенттері университетіміздің Халықаралық қатынастар факультеті құрамына енгізілді. Ал, шетел студенттерімен жұмыс және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті «ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығы» болып қайта құрылды.

       Орталықта қазақ диаспорасының тыңдаушылары келесі пәндер бойынша оқытылады: қазақ тілі, математика, қазақстан тарихы және бейіндік пәндер: биология, химия, физика, география, ағылшын тілі, дүниежүзілік тарихы, орыс тілі.   

Негізгі қызметтік бағыттар:

• Шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне дайындық курстары;

• Шетел азаматтары үшін ақылы негіздегі дайындық курстары;

• Облыстық және қалалық мектептердің түлектеріне дайындық курстары.

Материалдық-техникалық база:

       М.Әуезов атындағы ОҚУ ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығында шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің оқуына, өмір сүруіне және демалуына барлық жағдайлар жасалған. Оқу корпусының жанында орналасқан заманауи кітапхана, электронды оқу залы, ресурстық орталық, тегін интернет, акт залы, медициналық кабинет, асхана, 5 қабатты жатақхана тыңдаушылардың сапалы білім алуы үшін қажетті жағдайлар бар. Сонымен қатар, Орталық тыңдаушыларына оқу ғимаратының жанында орналасқан «Буревестник» спорт кешенінде бос уақытында спортпен айналысуға мүмкіндік беріледі. Тыңдаушыларға мемлекет тарапынан шәкіртақы тағайындалған, жылына бір рет жол шығындары өтеледі.

      Оқытушылар құрамы: ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығында phd ғылым докторы, ғылым кандидаттары, магистрлар, аға оқытушылар сынды жоғары білікті мамандар білім береді.

      Сапалы білім мен тәрбие беру мақсатында Орталықта жоспарлы түрде тәрбие жұмысы жүргізіліп отырады. Орталық тыңдаушылары таңдалған мамандықтарына байланысты топтарға бөлініп, әр топқа тәлімгерлер тағайындалады.
      Орталықта білім алған тыңдаушылардың 80%-дан астамы жоғары оқу орындарының мемлекеттік білім гранттарының иегерлері.  Осы орталықта білім алған, жоғары оқу орындарына оқуға түскен шетелдік қазақ жастарының басым бөлігі, оқуын аяқтағаннан кейін, тарихи отанында қалады  және  Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне лайықты үлес қосуда.

 

Мекен-жайымыз: Шымкент, Рысқұлбеков  көшесі №1, № 13 ғимарат, 303 бөлме

Сымтетік: 8 (7252) 21 33 47

                                                        

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.