Оқырмандар күткен кеш

Таяуда облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапханада белгілі ақын, жазушы Ырысбек Дәбейдің «Жылқы атылған жаз» атты кітабының тұсаукесері өтті. Аталған шараға біздің Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО-ға дейінгі дайындық фаультетінің тыңдаушылары мен аға оқытушылары А.Үсіпов пен Ғ.Қасымхан қатысты.

Кездесуде бір әулеттің басынан өткен талайлы тағдыры арқылы Кеңестік саяси-қуғын сүргінді шынайы бейнелеуге тырысқан жазушының шеберлігін белгілі журналист Өмірзақ Ақжігіт, драматург Сая Қасымбек жоғары бағалап, студент жастар авторға өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.

Кеш соңында Алматыдан арнайы келген ақынға сый-құрмет көрсетіліп, автор өз өлеңдерін оқып берумен бірге, жаңа романының жазылу тарихымен де оқырмандарды таныстырып өтті. Осынау әсерлі де әдемі кештен тыңдаушыларымыз рухани байып, сөз өнеріне деген құштарлығы артып қайтты деген ойдамыз.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.