Кітап әлеміне саяхат

2018 жылдың  мамыр айының 19-шы жұлдызында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушылары А.С.Пушкин атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында болып, руханият ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Тыңдаушылар кітапхананың барлық бөлімдерін аралап көріп, жаңа кітаптар мен, мерзімді басылымдар залындағы газет-журналдарды қызыға қарап шықты. Шара барысында жастарымыз кітапхана оқырмандары мен қызметкерлеріне өз өнерлерін паш етіп, Ж.Күрес, Е.Ертай, Ш.Іңірбай, Н.Базарбектен құралған «Ұран» ұлт-аспаптар тобы «Ереуіл атқа ер салмай» композициясын ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды. Іс-шара соңында кітапхана әкімшілігі тыңдаушы жастарды білім ордасына бастап келген факультет оқытушысы Ақбота Сейдалықызына алғыс айтып, жастарды рухани азық – кітаптан қол үзбеуге шақырды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.