Жаңалықтар
Өңір мұрағатымен танысып қайтты
- Қаралды: 336
Күні кеше, мамыр айының 18-і күні, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушылары аға оқытушы Ақбота Тургумбаеваның жетекшілігімен облыстық мемлекеттік мұрағатта болып қайтты. Шара барысында жастар РФ мемлекеттік архивінен алынған құжаттармен, сондай-ақ Сырдария округіне қатысты құжаттармен танысты. Әсіресе оларды Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Ж.Аймауытов, өз өңірімізден шыққан С.Үсенов секілді тұлғалардың өмірінің беймәлім беттерінен сыр шертетін тарихи құжаттар қатты қызықтырды.
Тарихымызды тану өлкетану тарихын зерделеуден басталатыны анық. Сондықтан жастарымыздың тарихи санасын қалыптастыру, жастарды туған тарихымызды құрметтеуге баулу – рухани жаңғыру үдерісінің басты бағыты болып қала береді.