Көшпелі көрмені көріп қайтты

Жуырда біздің Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушылары облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхаттап қайтты, шара барысында шетелдік қандастарымыз облысымыздың кешегі тарихы мен бүгінгі жетістіктерінен сыр шертетін экспонаттарды тамсана тамашалады. Төл тарихымызға қатысты құнды жәдігерліктермен танысқан тыңдаушылар сондай-ақ Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өңірімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған, Астанадан арнайы келген «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрмені де көруге зор мүмкіндік алды.

Экскурсияны ұйымдастырған факультетіміздің оқытушысы Тургумбаева Ақбота Сейдалықызы мен мұражай қызметкерлері жастарға тәуелсіздік дәуіріндегі еліміздің жетістітері мен табыстарынан хабардар етті.

Жас буынды әсіресе Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың жастық шағы, ғибратты өмір жолы мен қайраткерлік қызметіне қатысты, жеке мұрағатындағы жәдігерліктердің, Елбасы наградалары мен еңбектерінің ерекше әсерге бөлегені анық. Шындығында да мұндай тағылымды шаралардың өскелең ұрпақты рухани байытуға, Отанына деген шексіз құрметін қалыптастыруға зор септігін тигізетіні даусыз. Сондықтан да мұражай қызметкерлері осынау оң бастаманы қызу қолдап, жастардың ел тарихының жарқын беттерін танып-білуіне септескен факультет деканы, тарих ғылымдарының докторы С.Әлібекке және студент жастарды бастап келген аға оқытушы Тургумбаева Ақбота Сейдалықызына өздерінің шынайы алғыстарын жеткізіп, алдағы күнде де факультет тыңдаушыларының облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхаты жалғаса беретіндігіне сенім білдірді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.