Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дирк Ян Коп мырзаның М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға іс-сапары

2018 жылдың 15-і мамыр күні  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне қызметтік іс-сапармен Нидерланды Корльдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті  Елшісі Дирк Ян Коп  мырза келді.

Іс-сапар барысында Елші Дирк Ян Коп мырза стратегиялық даму жөніндегі проректордың міндетін орындаушы Ж.Т.Айменовпен екі жақты білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық орнату бойынша мәселелерді талқылады.
Сапар барысында Елші Қазақстан мен Нидерланды арасындағы екі жақты қарым-қатынастар тақырыбы бойынша «Заңтану және Халықаралық қатынастар» факультетінің студенттеріне арналған дәріс өткізді. Сонымен қатар Қазақстанмен ынтымақтастықтың 25-жылдық экономикалық дамуын атап өтті.

Кездесуді қорытындылай келе стратегиялық даму жөніндегі проректордың міндетін орындаушы Ж.Т.Айменов құрметті қонақ  Дирк Ян Коп мырзаға іс-сапарға келгені үшін алғысын айтты және білім және ғылым саласында ары қарай жемісті ынтымақтастық орнатуға ниетін білдірді.

 

Халықаралық байланыстар орталығы

М.Әуезов атындағы ОҚМУ


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.