Жаңалықтар
ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
- Қаралды: 498
Жуырда М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО-ға дейінгі дайындық факультеті Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр –Жеңіс мерекесіне орай «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты Ауған соғысы және Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кешке университетіміздің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Э.Тілеуов пен қаламыздағы Ауған соғысы ардагерлері қауымынаң төрғасы Қ.Оспанов, орынбасары Б.Өтебаев пен ардагерлер және колледж студенттері мен факультет тыңдаушылары қатысты.
Кеште 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданып,1989 жылдың 15 ақпанында ғана Кеңес әскерінің ақырғы легі Ауған елінен біржолата әкетілгені айтылды.
Бүгінгі күні арамызда осынау алапат ойранға қатысып келген жерлестеріміз де аз емес. Осы соғысқа қатысқан кездесуіміздің құрметті қонақтары — жауынгер – интернационалистерге де сөз беріліп, олар Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған жерлестеріміздің жанқиярлық ерлігі, соғыстың зардаптары , өз бастарынын өткен оқиғалар жайында әсерлі әңгімелеп берді.
Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 28 жыл толуына орай дайындалған бейнеролик те көпшілікті бейжай қалдырмады.
Кеш барысында факультет тыңдаушылары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, соғыс кезіндегі қиындықтар мен оның мақсат-мүддесі жайлы мәліметтерге қанығып, белгілі соғыстың беймәлім беттерінен хабардар болды.
Сондай-ақ факультетіміздің жас дәстүрлі әншісі Ш.Іңірбай «Қарайлаңдар қарттарға», «Қазақ болып туғаныма мақтанам» атты термелерін орындаса, айтыскер ақын Н.Базарбек «Елім менің» әнін әуелете шырқағанда қол соқпаған жан қалмады. Сонымен қатар оқу орнымыздың Ардагерлер кеңесінің төрағасы Э.Тілеуов неміс басқыншыларына қарсы күресте жанқиялрлықпен шайқасып, Ұлы Жеңісті жақындатуда зор үлес қосқан ардақты ардагерлеріміздің майдан даласында, тылда қосқан еңбегі өлшеусіз екенін жеткізді.
Ал факультетіміздің жастары батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы болған майдангерлерге, болашақ ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге шынайы алғыстарын білдіріп, колледж ұжымы мен факультет әкімшілгі қонақтарға естелік сыйлықтарды тарту етті.