Жаңалықтар
«Міржақып Дулатұлы - Алаш рухының жаршысы»
- Қаралды: 42
Биыл ұлтымыздың ұлы перзенті, қоғам және мемлекет қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл. М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған студенттер арасында әдеби танымдық іс-шара өтті.
«Филология» факультеті «Журналистика және қазақ тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен танымдық іс-шарада Ақпараттық білім беру орталығы «Міржақып Дулатұлы - Алаш рухының жаршысы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кафедра меңгерушісі Г.Танабаева, аға тәлімгер Т.Сариева, Ақпараттық білім беру орталығы директорының орынбасары Г.Мыңбаева, сектор меңгерушісі Б.Жумабаева Міржақып Дулатұлының өмірі, шығармашылығы және ұлты үшін жасаған еңбектеріне тоқталды.
Кеш барысында Алаш ардақтыларының мұрасы дәріптеліп, ұлттық сана мен рухани құндылықтардың маңызы ерекше атап өтілді. Рухани кеште «Журналистика» мамандағының белсенді жастары ұлт көсемінің шығармаларынан үзінді оқып, мұраларын насихаттады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз