Жаңалықтар
Университетіміздің студенттері дүниежүзілік білім додасында жүлделі 3-ші орыннан көрінді
- Қаралды: 19
Алматы қаласы Satbayev University-де 2025 жылдың 26-28 қарашасында өткен механизмдер мен машиналар теориясы және робот механикасы бойынша 6-шы Дүниежүзілік студенттер олимпиадасына (SIOMMS-2025) М.Әуезов атындағы ОҚЗУ командасы қатысты. Команда жетекшісі – «Механика және машинажасау» кафедрасының профессоры Мырзалиев Дархан Сапарбайұлы. Команда құрамында 6В07124 – «Электротехникалық машинажасау және энергетикалық жүйелер инжинирингі» БББ ММГ-23-14к тобының студенттері Ақерке Курбан, Азиза Султанмурат, Самандархан Абзалов бар.
Дүниежүзілік олимпиада ҚР ҒжЖБ министрлігінің Механизмдер мен машиналық жабдықтар туралы ғылымды дамытуға жәрдемдесудің халықаралық федерациясының (IFToMM) қолдауымен және «Satbayev University» ұйымдастыруымен өтті.
Олимпиада халықаралық деңгейде ұйымдастырылып, қызықты да тартысты өтті. Бұл жолғы олимпиадаға 11 команда қатысып, жүлделі орындарды келесідей белгіленді:
І орын – Қытай, Ресей, Румыния;
ІІ орын – Испания;
ІІІ орын – Қазақстан (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М.Әуезов атындағы ОҚЗУ командалары).
Сонымен қатар университетіміздің командасы мен «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің ММГ-23-14к тобы студенті Азиза Султанмурат арнайы номинациялармен де марапатталды.
Әуезов университетінің ұжымының атынан команда жетекшісі және жас ғалымдарымызға алғыс айта отырып, жеңісімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктерге жете беріңіздер! Университетіміздің мәртебесі әрқашан биік болсын!!!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз