Жаңалықтар
«Интернеттегі цифрлық тұзақтар: Студенттерге арналған қауіпсіздік лекциялары өтті
- Қаралды: 53
ҚР Президентінің Жолдауы мен Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының тапсырмаларын іске асыру мақсатында М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-да «Заң мен тәртіп» аясында «Сандық тұзақтар: интернетте өзіңізді қалай қорғауға болады?» және «Дипфейктер мен жаңа қауіп-қатерлер» тақырыбында арнайы лекция-сабақтар өтті.
Цифрлық қауіпсіздік бойынша сауаттылықты арттыруға бағытталған іс-шара Шымкент қалалық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Сабақ барысында мамандар студенттерге интернет алаяқтықтан сақтану жолдарын, жеке ақпараттарды қорғау, әлеуметтік желі парольдерін дұрыс орнату, бейтаныс сілтемелерге өтпеу сияқты маңызды кеңестер берді.
Жиын лекция форматында өтіп, студенттер жасанды интеллект көмегімен жасалған видео-сабақты тамашалап, сауалнама толтырып, белсенділік танытты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз