Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-білім беру серіктестігі нығаюда: М.Әуезов атындағы ОҚУ мен Фудань университеті өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Фудань университеті (ҚХР) Қазақстан және Қытай университеттері арасындағы ғылым, білім және инновация саласындағы академиялық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі халықаралық форум аясында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
2025 жылдың 18 қарашасында Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында аталған форум өтті. Іс-шараға Фудань университетінің өкілдері қатысты.
Форум барысында М.Әуезов атындағы ОҚУ мен Фудань университеті ғылыми, білім беру және инновациялық бағыттарда, соның ішінде химиялық инженерия мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ынтымақтастықты дамыту ниетін бекіткен меморандумға қол қойды.
Фудань университеті әлемдегі жетекші зерттеу университеттерінің бірі болып саналады. Ол қуатты ғылыми мектебі, заманауи зерттеу инфрақұрылымы және жоғары халықаралық беделімен танымал. Ал М.Әуезов атындағы ОҚУ үшін бұл серіктестік кадрларды даярлау сапасын арттыруға, зерттеу әлеуетін күшейтуге және халықаралық интеграцияны тереңдетуге бағытталған маңызды қадам.
Кездесу барысында технопарктермен өзара іс-қимыл мәселелері де сөз болды. Тараптар инновациялық экожүйелерді дамыту, студенттер мен жас зерттеушілердің стартап бастамаларын қолдау, сондай-ақ бірлескен технологиялық жобалар мен пилоттық шешімдерге арналған алаңдар құру бойынша тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты. Бірлескен акселерациялық бағдарламалар жүргізу, ғылыми-қолданбалы зертханалар ашу және «research-to-market» форматындағы жобалық топтарды іске қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.