Жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған кездесу өтті
- Қаралды: 54
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Шымкент көлік прокуратурасының мамандарының қатысуымен есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған танымдық кездесу өтті.
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында өткен жиында «Заң» факультетінің студенттеріне есірткі заттарын пайдалану және таратумен байланысты қылмыстардың құқықтық жауапкершілігі мен салдары кеңінен түсіндірілді.
Кездесудің ерекшелігі – Zoom платформасы арқылы Қарағанды облыстық сотынан онлайн көрсетілген сот процесі болды. Бұл процесте есірткіге қатысты ауыр қылмыс жасаған 19 жастағы азаматтың ісі қаралды. Бұл студенттерге есірткі қылмысының адамның болашағына қалай кері әсер ететінін және салдарының қаншалықты ауыр болатынын терең ұғындыруға бағытталып отыр.
Прокурорлар студенттермен ашық әңгіме барысында жеңіл жолмен ақша табудың соңы үлкен қауіпке әкелетінін айтты. Жастарға өмірде дұрыс таңдау жасап, заңды жолдан таймау керектігі, әр адам үшін құқықтық сауаттылық пен жауапкершілік маңызды екені түсіндірілді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз