Жаңалықтар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және Swiss-SASEM ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
- Қаралды: 46
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Швейцарияның Swiss School of Applied Sciences for Economics and Management (Swiss-SASEM) ұйымымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.
Қол қою рәсімі Swiss-SASEM Президенті, доктор Меир Ескендировтың қатысуымен өтті және ол екі университет арасындағы әріптестікті дамыту жолындағы маңызды қадам болды.
Келісім аясында университет базасында Swiss-SASEM Business School ашу, бірлескен білім беру бастамаларын дамыту, академиялық ұтқырлықты кеңейту және заманауи халықаралық сапа стандарттарына сай бағдарламаларды іске қосу көзделген. Серіктестік шеңберінде бакалавриат, магистратура, DBA және Executive бағыттарындағы бағдарламаларды жүзеге асыру, оқытушылар алмасу, ғылыми-зерттеу жобаларын дамыту, сондай-ақ студенттердің халықаралық деңгейдегі бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері қарастырылған.
М. Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Д. Ахмед-Заки Swiss-SASEM ұйымымен ынтымақтастық университеттің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатынын және оның халықаралық білім кеңістігіндегі позициясын нығайтатынын атап өтті.
Тараптар келісімді іске асыру ұзақмерзімді әрі нәтижелі әріптестіктің негізіне айналып, екі елдің студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатынына сенім білдірді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз