Жаңалықтар
ICITE-2025: М.Әуезов университетінде халықаралық конференция басталды
- Қаралды: 45
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг – ICITE-2025» атты XII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.
Онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылған ауқымды басқосуға Малайзия, Қытай, АҚШ, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан елдерінен келген зерттеуші ғалымдар мен М.Әуезов университетінің профессор-оқытушылары қатысуда.
Конференцияның басты мақсаты – өнеркәсіптік технологиялар мен инжиниринг салаларындағы ғылыми жетістіктер мен жаңа бағыттарды талқылау, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты арттыру.
Екі күнге созылатын конференцияның пленарлық отрысында мұнай-газ ісі, металлургия, тамақ инжинирингі, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, жаңартылатын энергетика, компьютерлік және ақпараттық технологиялар, өндірісті автоматтандыру және цифрландыру, жасанды интеллекттің рөлі, биотехнология, экология және фармацевтика, ғылым мен білімнің жаһандану жағдайындағы дамуы, экономика және индустриялық шешімдер сынды өзекті бағыттағыттар кеңінен талқыланды.
ICITE-2025 – ғылым мен өндіріс арасындағы байланысқа дәнекер бола отырып, өзекті мәселелерге нақты шешімдер ұсынатын маңызды алаң екенін көрсетті. Конференцияның нәтижелері инженерлік және технологиялық салалардағы болашақ жобаларға негіз болмақ.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз