Жаңалықтар
Мейірім мен қуаныш сыйлап, рухани қолдау көрсетті
- Қаралды: 41
М. Әуезов атындағы ОҚЗУ «Мәдениет және өнер» факультетінің «Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының МС-22-15р тобының студенттері п.ғ.к. Тарасенко Татьяна Викторовнаның жетекшілігімен Төле би ауданы, Бірінші Мамыр ауылындағы №2 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Алтын күз» атты қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға мейірім мен қуаныш сыйлау, оларға көңіл бөлу арқылы рухани қолдау көрсету. Студенттер мерекелік бағдарлама аясында қызықты ойындар мен сайыстар, шығармашылық шеберлік сабақтарын ұйымдастырып, балаларға арнайы сыйлықтар табыс етті. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен риясыз күлкі – ұйымдастырушылар үшін ең үлкен алғыс болды.
Ізгілік пен жылулыққа толы шара барлық қатысушыларды жақындастырып, адамгершілік пен қамқорлықтың маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті. Студенттер бұл шара арқылы қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты насихаттаудың қаншалықты маңызды екенін жеткізді.
Сонымен қатар, ұйымдастырушылар іс-шараның өтуіне қолдау білдіріп, демеушілік танытқан «Усадьба Ладушки» компаниясына ерекше алғыс білдіреді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз