Жаңалықтар
Кезекті ғылыми кеңес отырысы өтті
- Қаралды: 60
Университетімізде Басқарма Төрағасы-ректоры Дархан Ахмед-Закидың төрағалығымен Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға Кеңес мүшелері, құрылымдық бөлім басшылары, оқытушы - профессорлар құрамы қатысты.
Кеңес отырысының алдында Дархан Жұмақанұлы «қауымдастырылған профессор» ғылыми атақтарын иеленген бірқатар ғалымдарға аттесттаттарын, сонымен қатар ведомстволық наградалармен марапатталған оқытушыларға, халықаралық және республикалық деңгейлердегі ғылыми, шығармашылық байқауларда жеңімпаз атанған білім алушыларға дипломдарын салтанатты түрде табыс етті.
Мұнан әрі Ғылыми кеңестің күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. «М.Әуезов атындағы ОҚУ» КеАҚ-ның Шыршық қаласындағы (Өзбекстан Республикасы) филиалының жұмысы мен даму перспективалары» атты тақырыбындағы баяндамасында филиал директоры Қожамжарова Дария Пернешқызы филиалдың жұмысын табысты жүзеге асыру мақсатында атқарылған іс-шараларға тоқталып, алдағы стратегиялық міндеттермен таныстырды. Ал, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры Елибаева Гульмира Исатаевна магистранттардың диссертация тақырыптары мен ғылыми жетекшілерін, докторанттардың ғылыми кеңесшілерін бекіту туралы ұсынылым жасады.
Сонымен қатар Ғылыми кеңестің құрамына өзгерістер енгізу, ағымдағы оқу жылына студенттердің оқу ақысына жеңілдіктер беруді қарастыру, университет ОПҚ-ны «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағын беруге ұсыну, университет ОПҚ-ның монографияларын, оқулықтары мен оқу құралдарын баспадан шығаруға ұсыну, студенттер мен магистранттарға арналған стартап жобалар конкурсын қаржыландыру, диссертациялық кеңестің ашылуы және т.б. маңызды мәселелер қарастырылды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз