«Жасанды интеллектті білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктері»

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультетінде 2025 жылдың 10 қараша күні «Жасанды интеллектті білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға факультеттің профессор-оқытушы құрамы, факультеттер әдістемелік комиссиясы төрағалары қатысты. Семинар модераторлары «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі доцент С.М. Джунусбаев, магистр-оқытушы М.С. Ниязбекова. Семинар барысында спикерлер ретінде: Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті Оқу-әдістемелік орталығының басшысы Б.М.Хамитова, «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, т.ғ.к., доцент У.Алиев, университет Ақпараттық білім беру орталығы құжаттарды ғылыми өңдеу және жүйелеу бөлім басшысы А.Б.Сатканова сөз сөйледі. Спикерлер жасанды интеллекттің білім беру саласындағы маңызды рөлі, білім мен оқытуға деген көзқарасты түбегейлі өзгерте алатын перспективалары мен киберқауіпсіздік, компьютер ғылымы, бағ¬дарламалау және жаңа технологияларды қолданылу саласы өте жоғары екенін айтып өтті.
Семинар барысында оқытушылар өзара пікір алмасып, ғылыми тақырыптарды талқылап, заманауи зерттеу әдістерін қолданды. Оқу-әдістемелік орталығының басшысы, т.ғ.к., профессор Б.М. Хамитова семинарда интерактивті тақта, мультимедиялық презентациялар, электронды дереккөздер, бейнематериалдар және цифрлық тарихи карталар пайдаланылғанын атап өтті.
Семинар соңында қатысушылар заманауи цифрлық құралдарды пайдалану тәжірибесін талқылап, жасанды интеллекттің білім беру процесіндегі маңызына тоқталды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.