Жаңалықтар
«Студенттік қалқан» жобасы: Діни сауаттылықты арттыруға бағытталған ауқымды кездесу өтті
- Қаралды: 46
М.Әуезов атындағы ОҚУ-да Шымкент қаласының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен маңызды ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
Кездесудің басты мақсаты – жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, теріс діни ағымдардың қауіптілігін түсіндіру, діни сауаттылықты арттыру және рухани иммунитет қалыптастыру болды.
"Студенттік қалқан" жобасы аясында өткен бұл кездесуге республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшелері, теология ғылымдарының PhD докторлары және салалық сарапшылар қатысып, студенттерге діни қауіптердің маңызы мен қоғамға тигізетін кесірі туралы жан-жақты мәліметтер ұсынды.
Университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Әбзелбекұлы жастардың қоғамдағы белсенділігіне тоқталып, мұндай кездесулер олардың діни сауатын арттыруда және жат ағымдардан сақтандыруда аса маңызды екенін айтты.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің аға оқытушысы, дінтанушы, PhD доктор Бауыржан Ботақараев экстремизм, радикализм және терроризм ұғымдарына нақты түсініктеме беріп, теріс ағым жетегіндегі адамдардың ерекшеліктерін атап өтті. Ол жастарды дерадикализация үдерісіне қоғам болып белсенді араласуға шақырды.
Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов іс-шара барысында жастарға діни сауаттылықтың маңызын түсіндіріп, «дін» ұғымының тек наным-сеніммен ғана шектелмейтінін, оның тарихи, рухани және мәдени терең мәнге ие екенін атап өтті. Ол қазіргі заманғы ақпараттық кеңістікте жастардың діни ақпаратты тек ресми, сенімді дереккөздерден алу қажеттігін баса айтты.
Университет әкімшілігі мен Дін істері басқармасы алдағы уақытта да осындай ақпараттық шараларды тұрақты өткізіп тұруды жоспарлап отыр.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз