Студенттер құқық қорғау саласының тынысымен танысты

Құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық қорғау органдарының қызметі туралы түсінікті кеңейту мақсатында Шымкент қаласы Еңбекші аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен студенттердің танысу кездесуі өтті.
Кездесу барысында полиция подполковнигі Е.Каттабеков студенттерге ішкі істер органдарының құрылымы мен негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы жан-жақты мәлімет берді.
Сонымен қатар құқықтық тәртіп, тәртіптілік пен полиция қызметкерлерінің қызметтік этикасы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу кезінде полиция бөлімінің криминалисі өз қызметі туралы кеңінен айтып беріп, қылмыстарды ашуда қолданылатын арнайы құралдар мен жабдықтарды көрсетті. Ол оқиға болған жерді қарау, дактилоскопия жүргізу және заттай дәлелдемелерді жинау барысын көрсете отырып, криминалист жұмысының нақтылық пен мұқияттылықты талап ететінін атап өтті.
Студенттер көрсетілімге үлкен қызығушылық танытып, криминалистика саласында қолданылатын зерттеу әдістері мен заманауи технологиялар туралы сұрақтар қойды.
Полиция тергеушісі Зайниддин А. өз қызметінің ерекшеліктерімен бөлісіп, қылмыстық істерді қозғау тәртібі, жауап алу және дәлелдемелерді жинау процесі туралы түсіндірді.
Сонымен қатар полиция тергеушісі М.Есенбек тергеу жұмысының ерекшеліктері мен өзге бөлімшелермен өзара іс-қимыл тәртібі жөнінде баяндады.
Полиция майоры С.Тутеев тергеудің неден басталатынын, оқиға орнын қарау, куәгерлер мен күдіктілерден жауап алу және дәлелдемелерді жинау мен бағалау тәртібін түсіндіріп, сонымен қатар әйелдердің құқықтарын қорғауға арналған баптар туралы қысқаша түсіндірме берді.
Тергеуші өз сөзінде объективтілік, мұқияттылық және заң талаптарын қатаң сақтаудың тергеу барысындағы маңыздылығын ерекше атап өтті.
Студенттер кездесуге белсене қатысып, полиция қызметінің ерекшеліктері, қызметтің қиындықтары, ішкі істер органдарында тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойды.
Кездесу ашық әрі танымдық түрде өтіп, жастардың заңға және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті.
Кездесу, з. ғ.м оқытушы Р.Ж.Тоханова жетекшілігімен өтті.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.