Жаңалықтар
QS Asia University Rankings рейтингісінде Auezov University ең үздік 200 жоғары оқу орнының қатарына енді
- Қаралды: 19
2025 жылдың 4 қарашасында британдық QS рейтинг агенттігі QS Asia Ranking 2026 рейтингісін жариялады.
1500-ден астам үздік білім беру мекемелері кіретін, Азия университеттері арасындағы биылғы аймақтық рейтингте Auezov University 161-ші орынға ие болды.
QS Asia University Rankings рейтингісін жасау кезінде сарапшылар Азия университеттерін 11 критерий бойынша бағалайды: ғылыми сарапшылар мен жұмыс берушілер арасындағы бедел, ғылыми жарияланымдарға сілтеме жасау, ОПҚ және ғылыми дәрежесі бар қызметкерлер саны, Халықаралық зерттеу желісі, ғалымдардың жарияланымдық белсенділігі, шетелдік студенттер мен оқытушылардың үлесі, студенттердің ОПҚ-ға қатынасы және білім алушылардың академиялық ұтқырлығы.

