Жаңалықтар
Әуезов университетінде Корея Республикасынан келген делегациямен кездесу өтті
- Қаралды: 23
Бүгін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Корея Республикасынан келген делегациямен кездесу өтті. Делегация құрамында Dongduk Women’s University профессоры Шин Хагюн және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасының доценті Чун Бёнсун болды. Іс-шараға университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ернар Имангалиев, кафедра меңгерушілері, профессорлық-оқытушылық құрам мен құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қатысты. Кездесу Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы академиялық және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың болашағы, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту мәселелерін талқылады. Ерекше назар институционалдық серіктестікті нығайтуға, бірлескен зерттеулер жүргізуге және өзара түсіністікті арттыруға бағытталған мәдени-білім беру іс-шараларын ұйымдастыруға аударылды.
Кездесу соңында тараптар ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенім білдіріп, білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы халықаралық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз