Жаңалықтар
М.Әуезов атындағы ОҚУ өкілдері Пекиндегі 8-ші Энергетикалық конференцияда маңызды келісімге қол қойды
- Қаралды: 55
2025 жылғы 18-20 қыркүйек аралығында Қытай Халық Республикасының Пекин қаласында Желілік университеті Шанхай ынтымақтастық ұйымының ұйымдастыруымен 8-ші Энергетикалық конференция өтті.
Конференцияның негізгі тақырыбы – «Энергетика саласындағы ғылыми зерттеулер бойынша ынтымақтастықты нығайту және үкіметаралық ғылыми-зерттеу жобаларына бірлесіп өтінім беру».
Аталған іс-шара аясында білім беру бағдарламаларын дамыту, ғылыми жобалар бойынша серіктестік орнату және жоғары оқу орындары арасындағы академиялық байланыстарды кеңейту мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі Гүлзухра Жорабековна Тұрымбетова және кафедра доценті Нұрсұлтан Файз іссапармен Пекин қаласына жіберілді.
Конференция барысында бакалавриат деңгейіндегі «Энергетика» білім беру бағдарламасы бойынша бірлескен оқу бағдарламасын әзірлеу мәселелері талқыланып, серіктес университетпен тиісті келісімшарт жасалып, оған қол қойылды.
Бұл бастама университетіміздің халықаралық әріптестігін одан әрі нығайтуға және энергетика саласындағы кадрлар даярлаудың жаңа сапалық деңгейіне көшуіне жол ашады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз