Университетте Республика күніне арналған салтанатты мереке өтті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 25 қазан – Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, «Аманат» париясының өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.
Бұл күн – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырған күні. Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күні. Университеттің Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Заки өз сөзінде айтулы күннің маңыздылығы мен құндылықтарын атап өтіп, барша қауымды ұлттық мерекемен құттықтады.
Мереке аясында отандық ғылым мен жоғары білім саласында еселі еңбек етіп жүрген бірқатар ғалымдарымыз мен қызметкерлеріміздің еңбегі еленіп, құрмет көрсетілді. Оларға ҚР ғылым және жоғары министрлігінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаты, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру iсiнiң үздiгi» Құрмет Дипломы, «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды. Сонымен қатар, «Аманат» партиясы және Шымкент қаласы әкімінің алғыс хаты табысталды.
Мазмұнды өткен іс-шара соңы талантты өнерпаздарымыздың рухты әндері және билерінің әсерлі концерттік бағдарламасына ұласып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.