Жаңалықтар
М. Әуезов атындағы ОҚУ-да «SKILLS& TASTE HACKATHON» инновациялық сессиясы өтті
- Қаралды: 32
М.Әуезов атындағы ОҚУ-да жұмыс берушілер мен студенттер арасында тікелей байланыс орнату, сондай-ақ болашақ мамандардың бойындағы жұмысқа қажетті маңызды дағдыларды (soft skills) дамыту мақсатында «Қолданбалы мамандықтар фестивалі» аясында «Skills& Taste Hackathon» инновациялық сессиясы (Хакатон) ұйымдастырылды.
Жұмысқа орналастыру және құзыреттілік орталығының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға университеттің әртүрлі факультеттерінен жиналған студенттік командалар қатысты. Хакатонның негізгі міндеті – командалардың жұмыс берушілер күткен өзекті тақырыптар бойынша терең талдау жасап, креативті шешімдер ұсынуы болды.
Шара барысында университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ернар Имангалиев сөз сөйлеп, Хакатонның студенттер үшін маңыздылығын атап өтті және барлық қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Командалар «Soft skills: студент кезінен қалай қалыптастыруға болады?», «Сәтті резюме мен кәсіби портфолио құру: жеке брендті қалыптастыру», «Сұхбат кезінде өзіңді сенімді таныстыру және стресс-менеджмент» сынды тақырып аясында өз жобаларын дайындап, презентацияларын ұсынды.
Презентацияларды бағалау үшін жұмыс берушілерден құрылған қазылар алқасы, атап айтқанда, ЖШС «Шымкент химиялық зауыты» Технология бойынша директордың орынбасары - К.Ж. Мамытов, «Janna Eltanova» сән үйінің директоры - Ж. Е. Байтелиева, «Бал Декор» ЖШС өндіріс директоры - Н.С. Каракулов, АsiaTrafo ЖШС техникалық директоры - Д.Т. Атеев, Alicake_kz кондитерлік желісінің негізін қалаушы - М.А. Омар шақырылды. Олар командалардың идеяларының өзектілігін, ұсыныстардың нақтылығын, креативтілігін, сондай-ақ командалардың таныстыру дағдыларын мұқият бағалады. Қазылар алқасының шешімімен ең үздік, жан-жақты және инновациялық шешімдер ұсынған командалар жеңімпаз атанды. Үздік жобалардың болашақта қолданысқа енгізілу мүмкіндіктері қарастырылды.
Нәтижесінде «Аграрлық» факультет студенттері жүлделі І орынды (100 000 теңге) иеленіп, жүзден жүйрік атанды.
«Сәулет, құрылыс көлік» факультеті студенттері жүлделі ІІ орынды (70 000 теңге)
«Тоқыма және тамақ» инженериясы студенттері жүлделі үшінші орынды (50 000 теңге) иеленді. Қалған факультет студенттеріне алғыс хат табысталды.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз