«Сапалы білім – жетістіктерге жету жолы»

Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ-де Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, ф.ғ.д., академик, Ұлттық құрылтай мүшесі Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы университеттің профессор-оқытушылар құрамы және студенттермен кездесті. «Сапалы білім – жетістіктерге жету жолы» тақырыбындағы кездесуде академик Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауларындағы және Ұлттық құрылтайда айқындалған басым бағыттарға тоқталды.
Алдымен университеттің Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Заки оқу ордасына арнайы келген Кәрімбек Арыстанбекұлына алғысын жеткізе отырып, білім-ғылымды дамытудағы еңбектерін атап өтті. Сонымен қатар, М.Әуезов атындағы Ғылыми кеңестің шешімімен Кәрімбек Құрманәлиевке М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Құрметті профессоры» атағын табыстады.
Академик Кәрімбек Арыстанбекұлы кездесуде білім мен ғылым саласына қатысты Президент Жолдауларында және Ұлттық құрылтайларда айтылған нақты тапсырмалар мен стратегиялық бағыттарға тоқталды. Ол еліміздің болашағы – ғылымда екенін ерекше атап өтіп, адами капиталды дамытудың өзектілігі, саладағы жаңа бағыттар, жас ғалымдарды ғылымға тарту тетіктеріне тоқталып, ашық форматта докторант және магистранттармен еркін сұқбаттасты. Сонымен қатар жас ұрпаққа біліммен қатар, тәлім-тәрбие беруде ескерілер мәселелерге де тоқталды.
Ғалымдар тарапынан білім беру бағдарламаларындағы өзгерістер мен жаңашылдықтар, антиплагиат жүйесіндегі өзекті мәселелер және өзге де маңызды сауалдар қойылып, ұсыныстар қаралатыны айтылды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.