Жаңалықтар
«Дәмді Fest-2025»: 6 команда «Өнерлі аспаз» атағы үшін бақ сынады
- Қаралды: 48
Халықаралық аспазшылар күніне орай және «Жұмысшы мамандық жылына» байланысты М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжі Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығымен бірлесіп, «Дәмді Fest-2025» атты ауқымды фестиваль ұйымдастырды.
Фестивалі аясында кәсіби шеберлікті шыңдауға арналған маңызды іс-шара – «Өнерлі аспаз - 2025» байқауы өтті.
Байқауға қаламыздағы «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығын дайындайтын білім мекемелерінен жалпы саны 6 команда қатысты.
Фестивальдің салтанатты ашылуында университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев сөз сөйлеп, іс-шараның жас аспаздар үшін маңыздылығын атап өтті және қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс аспаздық білім мен креативтілікті талап ететін төрт кезеңнен тұрды:
1. Таныстыру: Командалардың өзін-өзі таныстыруы және байқауға дайындығы.
2. Торт безендіру шеберлігі: Кондитерлік өнердегі дәлдік пен эстетиканы көрсету.
3. Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарын жаңғырту: Тарихи тағамдарды жаңаша әрі заманауи түрде ұсыну.
4. «Дәм Vibe» (Дәмді көңіл-күй): Қатысушылардың аспаздық өнерімен қатар, сахналық шеберлігі мен креативті қойылымдарын көрсетуі.
Командалардың дайындаған тағамдарының сапасы мен ерекшелігіне, сондай-ақ көрсеткен өнерлеріне өңіріміздегі беделді мамандар баға берді. Қазылар алқасының құрамында белді мейрамханалардың шеф-аспаздары, танымал фудблогерлер және тамақ инженериясы саласының үздіктері болды. Олар қатысушылардың еңбегін әділ бағалап, болашақ аспаздарға кәсіби кеңестерін берді.
Аспаздық сайыстың қорытындысы бойынша келесі оқу орындары жеңімпаз атанды:
Бас Жүлде: Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің аспаздары.
І орын: М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі.
ІІ орын: Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы.
ІІІ орын: Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №1 лицей-интернаты.
Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз