М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері Қытайдың беделді университетінде оқуын бастады

2025–2026 оқу жылында алғаш рет М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетінің заманауи тілдер және аударматану кафедрасының 22 студенті Қытайдың беделді жоғары оқу орындарының бірі — Іле педагогикалық университетіне (Құлжа қаласы) оқуға келді.
Бұл академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды кезең және 2025 жылдың көктемінде қол қойылған халықаралық ынтымақтастық туралы келісімнің нақты нәтижесі. Жаз айларында жүргізілген қарқынды дайындық жұмыстары бағдарламаның сәтті басталуына негіз болды.
Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасымен бір жыл білімін сонда жалғастырады.
«Бұл сапар — біздің білімімізді, көзқарасымызды және кәсіби дағдыларымызды кеңейтуге берілген ерекше мүмкіндік. Біз Қытайда Әуезов университетінің атын лайықты дәрежеде танытамыз!» — дейді студенттеріміз.
М. Әуезов атындағы ОҚУ халықаралық байланыстарды нығайтып, өз студенттеріне әлемдік деңгейдегі білім алуға жол ашуда.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.