«Тәңірберген Отарбаев және Оңтүстікте қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш зиялыларының тағдыры»

М.Әуезов атындағы ОҚУ-да «Тәңірберген Отарбаев және Оңтүстікте қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш зиялыларының тағдыры» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға қоғам қайраткерлері, еліміздің жоғары оқу орындарының ғалымдары, архив, мұражайлардың өкілдері, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың ұрпақтары мен студенттер қатысты.
Ғылыми басқосуда университетіміздің т.ғ.д. профессор Сейдехан Әлібек қазіргі таңда осы бағытта отандық тарихшылар тарапынан жүргізіліп жатқан кешенді зерттеулер мен архивтік деректерді қайта зерделеу жұмыстарына тоқталып, тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жолында атқарылып жатқан маңызды істерді атап өтті.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса, т.ғ.д профессор Д.Пернешқызы конференция қатысушыларын онлайн құттықтап, ақтаңдақ жылдардың ащы шындығына тоқталды. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ханбибі Есенқарақызы архивтер арқылы жүргізілген зерттеулерге тоқталып, бұл бағытта жарық көрген кітаптарды баяндады.
Конференцияның пленарлық кезеңінде әлеуметтанушы, жазушы,
Т.Отарбаевтың ұрпағы Мұрат Төлентаев «Т.Отарбаевтың өмірі мен
шығармашылық мұрасы», Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директоры, т.ғ.д. Зиябек Қабылдинов «Алаш тақырыбы бойынша жүргізілген зерттеулер мен оның нәтижелері, қаламгер, Қазақстанның «Мәдениет қайраткері» Гүлсара Қабланова «Алаш ардақтысы – Садық Өтегенов» тақырыбында баяндама жасады.
Сондай-ақ отандық, шет елдік ғалымдар Алаш зиялылары, алаштықтарға жүргізілген саяси репрессиялар, сол жылдарда жарық көрген басылымдар жайындағы зерттеулеріндегі тың жаңалықтарымен бөлісті.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.