Жаңалықтар
«Қазақстан Республикасының азаматтық сот өндірісіндегі жасанды интеллект: Теория және тәжірибе проблемалары»
- Қаралды: 27
М. Әуезов атындағы ОҚЗУ «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасы ұйымдастыруымен ҚР Азаматтық процестік кодекстің қабылдануының 10 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының азаматтық сот өндірісіндегі жасанды интеллект: теория және тәжірибе проблемалары» тақырыбында онлайн және офлайн форматта халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты – ғалымдар мен тәжірибелік қызметкерлерді өзекті құқықтық мәселелерді талқылауға тарту, тәжірибе және идеялармен алмасу, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік құқығының қазіргі заманғы проблемаларын шешуге жаңа тәсілдерді іздеу. Сондай-ақ, соттардың азаматтық процесте жасанды интеллектті қолдануының үрдістері мен перспективаларын қарастыру.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға университеттің және Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты, сондай-ақ тәжірибелік мамандар - сот, прокуратура, адвокаттар, сот орындаушылар, заң консультанттар шақырылды.
Семинардың жұмысын заң факультетінің деканы, з.ғ.к., доцент М.Ә.Елікбай ашты.
Семинардың пікірталасына «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к. Г.Р.Рахметова, PhD докторы, аға оқытушы Н.И.Аллаярова, профессор, з.ғ.к. Ж.К.Орынтаев, Астана қаласының судьясы Г.Р.Рахметова, Тәжікстан Халықаралық туризм және кәсіпкерлік университетінің доценті, з.ғ.д. У.А.Меликов, Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының азаматтық және экономикалық құқық кафедрасының доценті П.И.Мирзоев, Ташкент мемлекеттік заң университетінің профессорлары, з.ғ.д. З.Н.Эсанова, з.ғ.д. Ф.Б.Ибратова, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, з.ғ.к. Тогайбаева Ш.С., Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасының прокуроры Б.А.Салхудин, Шымкент қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты Э.А.Арутюнян, Шымкент қаласы жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасы басшысының орынбасары А.Т.Есимова, Шымкент қаласы жеке сот орындаушысы У.С.Идияева, Шымкент қаласы Заң консультанттар палатасының заң консультанты Е.Сабитұлы, «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының аға оқытушылары, з.ғ.к. С.О.Қуанышбаева, П.Т. Есенбекова қатысты.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының азаматтық сот өндірісін жүргізудегі жасанды интеллект қолдануда тәжірибелермен алмасты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз