"Таза Қазақстан" – таза ой, таза болашақ!

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Жастар орталығы жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Түркістан облысы, Төле би ауданындағы "Төле би" саябағында экологиялық іс-шара өткізді.
Әуезов жастары табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында арнайы бөлінген орынға көшет отырғызып, сол қатарға «Әуезов жастары» деген жазуы бар тақтайша орнатты. Сонымен қатар саябақ аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Бұл іс-шараның тәрбиелік және экологиялық мәні жоғары, жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталды.
Акцияға университеттің көшбасшы студенттері, факультет пен жоғары мектеп сенаторлары және жастар ұйымдарының жетекшілері белсенді қатысты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.