2026-2028 жылдарға гранттық қаржыландыру конкурстарын өткізу туралы хабарландыру

2026-2028 жылдарға гранттық қаржыландыру конкурстарын өткізу туралы хабарландыру

Келесі гранттық қаржыландыру конкурстарының өткізілетінін хабарлаймыз:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (әрі қарай – Ғылым комитеті) 2026-2028 жылдарға арналған төмендегі конкурстарды жариялайды:
– 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы;
«Жас ғалым» бағдарламасы бойынша 2026-2028 жылдарға арналған жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға конкурсы;
2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы;

Конкурстық құжаттамасына сәйкес ғылым дамуының басым бағыттары:
– Экология, қоршаған орта және табиғатты тиімді пайдалану;
– Энергия, алдыңғы қатарлы материалдар және көлік;
– Алдыңғы қатарлы өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;
– Елдің интеллектуалдық әлеуеті;
– Өмір ғылымдары мен денсаулық сақтау;
– Ауыл шаруашылығы кешенінің тұрақты дамуы;
– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік.

Конкурсқа өтінімдер Ғылым комитетіне электронды түрде, ғылыми жетекші мен үміткердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен АО «ҰЦҒҒТЭ» ақпараттық жүйесі арқылы https://is.ncste.kz сілтемесі бойынша қабылданады.

Өтінім қабылдау басталатын күндер – 2025 жылғы 25 қыркүйек, 29 қыркүйек және 6 қазан.

Өтінімдерді соңғы қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 25 қазан, 29 қазан және 6 қараша (қоса алғанда).

Конкурсқа арналған конкурстық құжаттамалар:

Өтінім беру және қатысу мәселелері бойынша кеңестер:
19 корпус, 218 кабинетте өткізіледі.

 

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.