Жаңалықтар
2026-2028 жылдарға гранттық қаржыландыру конкурстарын өткізу туралы хабарландыру
- Қаралды: 45
2026-2028 жылдарға гранттық қаржыландыру конкурстарын өткізу туралы хабарландыру
Келесі гранттық қаржыландыру конкурстарының өткізілетінін хабарлаймыз:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (әрі қарай – Ғылым комитеті) 2026-2028 жылдарға арналған төмендегі конкурстарды жариялайды:
– 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы;
– «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша 2026-2028 жылдарға арналған жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға конкурсы;
– 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы;
Конкурстық құжаттамасына сәйкес ғылым дамуының басым бағыттары:
– Экология, қоршаған орта және табиғатты тиімді пайдалану;
– Энергия, алдыңғы қатарлы материалдар және көлік;
– Алдыңғы қатарлы өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;
– Елдің интеллектуалдық әлеуеті;
– Өмір ғылымдары мен денсаулық сақтау;
– Ауыл шаруашылығы кешенінің тұрақты дамуы;
– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік.
Конкурсқа өтінімдер Ғылым комитетіне электронды түрде, ғылыми жетекші мен үміткердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен АО «ҰЦҒҒТЭ» ақпараттық жүйесі арқылы https://is.ncste.kz сілтемесі бойынша қабылданады.
Өтінім қабылдау басталатын күндер – 2025 жылғы 25 қыркүйек, 29 қыркүйек және 6 қазан.
Өтінімдерді соңғы қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 25 қазан, 29 қазан және 6 қараша (қоса алғанда).
Конкурсқа арналған конкурстық құжаттамалар:
-
«Жас ғалым» – media/attachments/2025/10/10/2026-2028-4.docx
-
Жас ғалымдар конкурсы (КМУ) – media/attachments/2025/10/10/2026-2028-8.docx
-
Ғылыми жобалар конкурсы (ГФ) – media/attachments/2025/10/10/2026-2028-1.doc
Өтінім беру және қатысу мәселелері бойынша кеңестер:
19 корпус, 218 кабинетте өткізіледі.