ХАБАРЛАНДЫРУ!

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті  КЕАҚ  Қосымша білім беру орталығы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын, білім беру мекемелерінің оқытушылары мен инженер-педагогикалық кадрларын, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындардың қызметкерлерін жеке жұмыс жоспары негізінде тақырыптық біліктілікті арттыру курстарына/тағылымдамаларға шақырады.

Курстар тыңдаушылардың қалауына сәйкес офлайн және онлайн форматтарда өткізіледі.

Біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы 72 сағатқа (40 000 теңге), 108 сағатқа (60 000 теңге) және 144 сағатқа (80 000 теңге) жоспарланған. Тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.

Тыңдаушылардың ең төменгі саны — 15 адам (тақырыптық курстар үшін).

Тағылымдамалар бейінді кафедралар базасында ұйымдастырылады. Әрбір тағылымдамадан өтуші үшін дайындық бейініне сәйкес жеке жоспар әзірленіп, бекітіледі.

Шетелдік ЖОО тыңдаушылары төраға-ректордың атына тыңдаушылардың аты-жөні курс тақырыбын (тағылымдама үшін мамандығын), мерзімін және сағат санын көрсете отырып, сондай-ақ паспорт көшірмелерін қоса беріп, ресми хатты алдын ала (10 күн бұрын) ұсынуы қажет.

Оқу ақысы мекеме атынан немесе жеке тыңдаушының атынан университеттің шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.

Image

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.