Танымал театр актерлері — Әуезов университетінде

Астана қаласы «Жастар» театрының талантты актерлері — Назерке Серікболова мен Мейірғат Амангелдин М.Әуезов атындағы ОҚУ-ға аранайы келді.
Университетті аралап, телестудия жұмысымен танысқан қонақтар студенттермен еркін форматта жылы жүздесу өткізді. Көптің көңілінен шыққан «Таптым... Ғашық болдым... Жоғалттым...» мюзиклінің басты кейіпкерлері студент жастардың сұрақтарына шынайы әрі әсерлі жауап беріп, өнер жолындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу соңында университетіміздің Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры Садыбек Қалмаханұлы құрметті қонақтарға университет атынан зор алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады.
Бұл — театр мен жастар арасын жақындатқан жарқын әрі мазмұнды кездесу болды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.