М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың жас ғалымы жаһандық ғылыми алаңда!

PhD докторы, «Су сапасын мониторингілеу және сулы технологиялар» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Еркебұлан Райымбеков — қазіргі уақытта Жапонияның Киото қаласында өтіп жатқан Science and Technology in Society (STS) Forum 2025 форумында университетімізді таныстыруда.
Жыл сайын өтетін бұл беделді халықаралық форумға әлемнің түкпір-түкпірінен көрнекті ғалымдар, саясаткерлер мен бизнес көшбасшылары жиналады. Форумда Нобель сыйлығының лауреаттары, ғылыми академиялардың президенттері, министрлер мен трансұлттық компаниялардың жетекшілері баяндама жасайды.
Еркебұлан Райымбековтың аталмыш форумға қатысуы — Қазақстан ғылымының жоғары деңгейінің дәлелі әрі халықаралық ғылыми әріптестікті нығайтудағы маңызды қадам.
Жас ғалымға сәттілік, жаңа идеялар мен жемісті ынтымақтастықтар тілейміз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.