Жаңалықтар
«Білім беру саласындағы жасанды интеллект: Мүмкіндіктер және сын-қатерлер»
- Қаралды: 70
Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын өткізді. Отырыстың биылғы тақырыбы – «Білім беру саласындағы жасанды интеллект: мүмкіндіктер және сын-қатерлер». ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ЖИ жөніндегі кеңесте баяндама жасады.
–Жасанды интеллект барлық мамандық студенттері үшін міндетті пән ретінде 95 университетте енгізілді. Сонымен қатар, оқытушылардың жасанды интеллект саласында біліктілігін тұрақты түрде арттыру міндетін қойып жатырмыз. Еліміздің 30 университетінде салалар бойынша жасанжы интеллект мамандарын даярлайтын 38 жаңа білім беру бағдарламаларын енгізілді. Олар «Қолданбалы жасанды интеллект», «Жасанды интеллект инжинирингі», «Тау-кен металлургиялық өндірістегі жасанды интеллект» және «Көлік машина жасауындағы смарт-технологиялар және жасанды интеллект» сияқты сұранысқа ие бағыттарды қамтиды, - деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Атап өтейік, елімізде Президент тапсырмасы аясында AI-Sana бағдарламасы іске қосылды. Осы жоба аясында 440 мыңнан астам студент жасанды интеллект саласы бойынша арнайы сертификатқа ие болды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз