Жаңалықтар
«Білім беру жүйесіндегі жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен болашағы»
- Қаралды: 53
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде AI Week - 2025 апталығы өз жұмысын бастады. Апталықтың мақсаты – студенттер мен жас ғалымдарды цифрлық технологияларға бейімдеу, жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру мен ғылымға тиімді енгізу жолдарын талқылау.
Бүгін осы мақсатта «Білім беру жүйесіндегі жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен болашағы» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, оған университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдары қатысты.
Спикер — Strike Plagiarism компаниясының Бизнес департаментінің директоры Ақмарал Күжиева семинар барысында мазмұнды әрі өзекті тақырыптарды қамтыды. Атап айтқанда, қазіргі қолданыстағы жасанды интеллект (ЖИ) құралдары, ЖИ мазмұнын анықтау тәсілдері, академиялық үдерістегі ЖИ-дің мүмкіндіктері мен міндеттері, сондай-ақ антиплагиат жүйесіндегі ЖИ-мен жұмыс істеу ерекшеліктері жайында жан-жақты мәлімет берді. Жиын барысында ғалымдар мен оқытушылар тарапынан қойылған сұрақтарға спикер тарапынан нақты әрі түсінікті жауаптар беріліп, пікір алмасу өрбіді.
Атап өтейік, бүгінгі таңда жасанды интеллект (AI) тек технологиялық жетістіктердің емес, білім беру, ғылым, медицина, өнеркәсіп, қаржы, тіпті күнделікті өмірдің де ажырамас бөлігіне айналуда. Сондықтан ғалымдар арасында жасанды интеллектті тиімді қолдану, оның әлеуетін ғылыми-зерттеу мен оқыту процесіне интеграциялау – маңызды міндеттердің бірі болып отыр.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз