Жаңалықтар
Әуезов университеті кәсіпкер жастарды қолдайды
- Қаралды: 41
М. Әуезов атындағы ОҚУ-да студенттер, магистранттар мен докторанттарға арналған «Кәсіпкерлік негізі» тақырыбында танымдық іс-шара өтті.
Жиынның басты мақсаты – жастарға кәсіпкерлік туралы базалық түсінік беру, бизнес-идеяны қалыптастыру мен оны жүзеге асыру жолдарын үйрету. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар студенттерге нарықты зерттеу, бизнес-жоспар жасау, қаржылық жоспарлау және кәсіпті тиімді жүргізу бойынша теориялық әрі практикалық білім ұсынды.
Танымдық басқосуды университеттің «Ғылым және кәсіпкерлік департаментіне» қарасты «Кәсіпкерлік және серіктестік орталығы» ұйымдастырды.
Кездесу барысында департамент директоры Б.М. Смайлов, орталық басшысы А.К.Диканбаева, және бас маман А.Қ.Нұрымов қатысушылармен ашық пікір алмасып, жастардың сұрақтарына жауап берді.
Спикерлер студенттерді тек теориялық біліммен шектелмей, кәсіби салада белсенді болуға, жеке кәсіп бастауға ұмтылуға шақырды. Сонымен қатар, орталық алдағы уақытта кәсіпкерлікке қызығушылығы бар жастарды қолдауға, жол көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Айта кетейік, университетіміздегі «Кәсіпкерлік және серіктестік орталығы» 16-корпус, 212 кабинетте орналасқан

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз