Жаңалықтар
Әуезов университетінде "Еңбек күні" ерекше құрметпен аталып өтті
- Қаралды: 46
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, елімізде еңбек адамының мәртебесін көтеру мен жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыру бағытында ауқымды бастамалар жүзеге асырылуда. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде еңбек адамдарының қажырлы еңбегі жоғары бағаланып, құрмет көрсетіп келеді. Бүгін «Еңбек күніне» арнайы салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, университет ұжымы қарапайым еңбек иелерін дәріптеп, олардың күнделікті тынымсыз қызметіне алғыс білдірді.
«Еңбекке тағзым» атты мерекелік жиында оқу ордасының тазалығы мен тәртібін, тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген 40-қа жуық еңбек адамы университет ректоры Дархан Ахмед-Закидің, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы мен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл марапат – олардың қажырлы еңбегі мен адалдығының шынайы бағалануы.
Салтанатты жиында сөз алған университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев марапат иелерін шын жүректен құттықтап, олардың тынымсыз еңбегі атап өтіп, әр маманның жауапкершілігі университет жетістігінің негізгі кілті екенін баса айтты.
Марапаттау сәтінен кейін шара әсерлі концерттік бағдарламамен жалғасты. «Мәдениет және өнер» факультетінің дарынды студенттері дайындаған ән мен би көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Осылайша, университет жанындағы «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен еңбек адамдарын ұлықтаған кеш мерекелік көңіл-күймен аяқталды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз