Максим Сказобцов Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Спорт және туризм» факультетінің СТ-24-3Р1 тобының студенті, жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Максим Сказобцов Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Asian Aquatics Championships 2025 жарысында ел намысын абыроймен қорғап, зор жетістікке қол жеткізді. Аталған жарысқа 25 елден 1100-ден астам спортшы қатысуда.
Максим ерлер арасындағы 100 метрлік баттерфляй сайысында күміс жүлдені иеленіп, қорытынды уақыты 52.66 секунд нәтижемен келді.
Бұл – Қазақстанның су спорты тарихындағы маңызды көрсеткіштердің бірі. Азия құрлығының ең мықты спортшыларымен иық тірестіріп, биік тұғырдан көрінген Максимді М.Әуезов атындағы ОҚЗУ ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңіс жалғасын тапсын!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.