Қазақстанның ең үздік мұғалімдері Әуезов университетінде «Ustaz Cup» ұлттық пікірсайыс турнирінде бақ сынады

Шымкент қаласында алғаш рет мұғалімдер арасында «Ustaz Cup» ұлттық пікірсайыс турнирі өтті. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде еліміздің 16 аймағынан 40-қа жуық мұғалім қатысқан турнирде еліміздің ең үздік ұстаздары пікірсайыс алаңында бақ сынады.
Мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған «Ұстаздық еткен жалықпас» тақырыбындағы ұлттық пікірсайыс турнирін «Ozgerteam» қоғамдық қоры мен ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы бірлесе Әуезов университетінің қолдауы негізінде ұйымдастырылды. Турнирге Қазақстанның барлық аймағынан 16 фракция жиналды. Атап өтерлігі, кей фракциялар құрамында өз мектебінде пікірсайыс қозғалысын дамытып жүрген мектеп директорлары да бар.
Пікірсайыстың салтанатты ашылуына қатысқан университеттің Басқарма төрағасы-ректор м.у.а Ернар Иманғалиев барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, бұл турнир – тек білім мен шеберлік сайысы ғана емес, бұл – ұстаздар қауымының басын қосатын, озық идеялар мен тың тәжірибелер ортаға салынатын интеллектуалды алаң екенін жеткізді. Ернар Иманғалиұлы:
– Университеттегі «Жастар» орталығының жанынан құрылған «Ақиқат» пікірсайыс клубы 23 жыл ішінде 100-ге жуық пікірсайыс турнирін ұйымдастырып, жыл сайын республикалық деңгейдегі жарыстарда жеңімпаз атанып келеді. Қазіргі таңда «Ақиқат» клубы жастарға пікірсайыс мәдениетін үйретіп қана қоймай, олардың зияткерлік қабілеттерін дамытуға, шешендік өнерге баулуға және елдің болашақ көшбасшыларын тәрбиелеуге бағытталған жүйелі жұмыс атқаруда, – деп атап өтті.
Турнирде кезекті сөз алған «Ozgerteam» қоғамдық қорының құрылтайшысы және директоры, пікірсайыс технологиялары бойынша сарапшы Мұрат Жуманбай: «Пікірсайыс технологиялары - қосымша білім беру мен жан жақты тұлға, жауапты азамат және қоғамның белсенді мүшесін тәрбиелеудің ең тиімді құралдарының бірі. Біз үшін пікірсайыс технологияларын өз жұмысында қолданатын және мектептегі пікірсайыс қауымдастығын дамытуға елеулі үлес қосып жүрген мамандарды қолдап, ынталандыру өте маңызды. «Ustaz Cup» ең прогрессивті педагогтар үшін тек пікірсайысатын жарыс қана емес, сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеудің үздік әдістемелері бойынша тәжірибе алмасатын алаңға айналуы тиіс», - деді.
Екі күнге созылған ұлттық турнирде жеңімпаз атанған командаларға қаржылай сертификаттар табысталды. Жеңімпаздар:
АПФ форматы бойынша:
І орын — «Байтұрсынұлы» фракциясы (500 000 теңге)
- Арғынбай Рахат (Шымкент)
- Әсембек Думан (Алматы)

І орын — «Шың» фракциясы (200 000 теңге)
- Дағыстан Алтынбек (Көкшетау)
- Рахымжанов Мейрамбек (Көкшетау)

ІІІ орын — «Маша и медведь» фракциясы (200 000 теңге)
- Орынбасар Айжан (Қызылорда)
- Набат Думан (Қызылорда)

ІІІ орын — «Бәйдібек» фракциясы (200 000 теңге)
- Байбатша Раман (Түркістан)
- Түзубек Дархан (Түркістан)

ПДФ форматы:
Ең үздік спикер — Ахатқызы Бинұр (Семей)
Үздік спикер — Менлибеков Арман (Жамбыл)
Ең үздік төреші — Таңсық Дінмұхаммед (50 мың теңге)
Турнирдің ұйымдастырушылары бұл пікірсайыс додасын жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп, әр жолы Қазақстанның түрлі өңірлерінде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Ұлттық турнир – әрбір ұстазға, жас көшбасшыға шабыт беретін жаңа бастама, жаңа деңгей, жаңа мүмкіндіктер мен жеңістерге жол ашатын маңызды алаң болды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.